Шымкенттің өнімі шетелге экспортталады Избранное

Пятница, 10 Февраль 2017 05:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3044 раз

Оңтүстік өңірінде алғаш рет ирандық инвесторлардың қатысуымен ірі көлемде ет және ет өнімдерін дайындайтын жаңа комбинат ашылды. Шымкент қаласының іргесіндегі кәсіпорында тәулігіне 3000 ұсақ мал мен 200 ірі қара сойылып, әзірленеді. «ЮКО-ЭКО-FOOD» ет комбинаты бұл жобаны Иран Ислам республикасымен бірлесе бастап отыр.

ononim

Тамақ өнеркәсібін дамытуға септігін тигізетін «ЮКО-ЭКО-FOOD» ЖШС-нің ашылу салтанатына облыс әкімі Ж.Түймебаев және Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Мирлоги Сейедалиакбар Агареза қатысты.

Көлемі 15 гектарды құрайтын ет комбинатының 2000 шаршы метрден астам аумағы өндірістік құрылымға негізделген. Кәсіпорын толық қуаттылығына шыққанда 5 мың ұсақ мал еті өндіріліп, жергілікті 350 адамды жұмыспен қамтамасыз етпек. Германиялық технологиямен жабдықталған комбинатта мал сою процесі сатылап жүргізіледі. Айта кету керек, жобаның инвестициялық құнының 75 пайызы ирандық инвесторлардың еншісінде.
Иран Ислам республикасында етке деген қажеттілік жылына 2 миллион 400 тоннаны құрайды. Осы сұраныстың бір бөлігін қамту мақсатында, екі тарап күніне 3000 ұсақ мал еті мен 100 ірі қара етін алу үшін келісім шарт жасасты. Яғни, күніне 60 тоннадан астам экологиялық таза ет Иранға экспортталмақ. Бұл, өз кезегінде, ел экономикасына оң ықпалын тигізіп, Елбасының ет экспортын арттыру міндетін жүзеге асыру бағытындағы тапсырмасының нәтижесі болып табылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.