Біздің жігіттер! Избранное

Среда, 01 Март 2017 07:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4603 раз

tagaТағабай – жүлдегер!

Өткен жылы халықаралық «Қазақ тілі» және «Медиа орда» қоғамдық қоры «Бюджет ашықтығы – БАҚ назарында» деген тақырыпта аймақтық журналистер арасында семинар өткізген болатын. Жуырда Астанада осы семинарға қатысушы БАҚ өкілдерінің жұмысы қорытындыланды.

Экономика тақырыбына қалам тартып жүрген әріптесіміз, «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Тағабай Қасымов «Үздік мақала» номинациясын иеленіп қайтты. 

«Медиа орда» қоғамдық қоры бір жарым жыл бойы бюджет тақырыбын жазатын, экономикалық тұрғыда сауатты журналистер әзірлеу үшін арнайы жобаны жүзеге асырып келеді. Жыл бойы қор 7 облыста «Бюджет ашықтығы мен есептілігі» семинар-тренингін өткізді. Газетіміздің тілшісі 

Т. Қасымов осы семинарға белсене қатысып, «Капитал» атты қосымша бетті ашқаны үшін осындай марапатқа ие болды. Әріптесімізді құттықтай отырып, шығармашылық жеңістер тілейміз.

 

ffa soccerimg 4514Сапарғали – үздік шабуылшы

Әріптесіміз, «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Сапарғали Қанат екі бірдей марапатқа ие болды. Астана қаласының футбол федерациясы ұйымдастырған Журналистер лигасының алғашқы маусымы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Сапарғали осы бәсекеде «Үздік сұрмерген» әрі «Үздік шабуылшы» номинациясын олжалады.

Елордадағы «Астана» спорт кешенінде алғашқы маусымның үздіктерін марапаттау жиыны әрі соңғы тур ойындары өткен-ді. Үш айға созылған бәсекеде «Хабар» командасы жеңімпаз атанды. Жүлдегерлерді Астана футбол федерациясының бас менеджері Ғалымжан Кенжалинов, «Хабар» агенттігінің бас продюссері Айдос Тұрысбек марапаттады. 

«Sport-59» командасының атынан сынға түскен әріптесіміз турнир барысында 24 гол соғып, сұрмергендердің көшін бастады. Ал ұйымдастыру комитеті жүргізген капитандар мен вице-капитандар арасындағы сауалнама қорытындысы бойынша да «Үздік шабуылшы» номинациясы газетіміздің тілшісіне бұйырды. Бұл номинацияға ол 10 үміткердің ішінен таңдап алынды. 

Журналистік шеберлігімен қатар аяқдоп өнерінде де көзге түсіп жүрген Сапарғалиға әрдайым сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.