Матлаб МАГЕРРАМОВ: «Мың алғыс Сіздерге, қайырымды қазақ жұрты!»

Среда, 01 Март 2017 08:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 7033 раз
matalb– Облыста 33 мыңға жуық әзірбайжан ұлтының өкілі бар. Бәрі де өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді: ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс, сауда саласында жемісті еңбек етіп жүргендері жетерлік. Мемлекеттік қызметте, білім беру мекемелерінде қызмет атқаратындар да бар. Біз қазақ елінің қамқорлығын көп көрген халықпыз. 
Негізінен Әзірбайжан халқы 1937-1948 жылдар аралығында Қазақстанға қоныс аударды. Олардың басым бөлігі Шымкент қаласында (10 мың адам), Түлкібас, Сарыағаш, Сайрам, Мақтарал аудандарында тұрмыс кешуде. 
Ал өзім жетекшілік ететін этномәдени бірлестік 1999 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл орайда облыс әкімдігінің қолдауын айта кеткен жөн. Алда қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ілкімді бастамаларға тұрақты қолдау көрсете береміз. 
Бір жағдайға назар аудара кетсем деймін. Тұрмыс тауқыметімен тарихи отанға көшіп кеткен бауырларымыздың 90 пайызы 1995 жылы қайтып оралды. Бәрі де жұмысқа орналасып, өз тіршілігін бастап кетті. Біз осы үшін Қазақ еліне мәңгілік қарыздармыз. Мың алғыс Сіздерге, қайырымды қазақ жұрты!
Последнее изменение Среда, 01 Март 2017 11:42
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.