Студент жасақтары қызметке кірісті

Пятница, 14 Июль 2017 05:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6343 раз

Облыс орталығында жылдағы дәстүрге сай студент жасақтары құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті. Жазғы демалыста 500 студент өңіріміздегі құрылыс нысандарында еңбек етіп, мердігер компанияларға қолғабыс ететін болады.

student-jasaktaryОблыстық құрылыс басқармасының басшысы Қ.Жамашевтің айтуынша, студенттік жасақтардың негізгі атқаратын жұмыстары жер қазу, бетон құю, кірпіш қалау, үй төбесін жабу, сылақ жұмыстарын жүргізу болмақ. Жастар негізінен, «СитиСтрой», «Ақ ордасы», «Отау-строй» секілді оннан астам құрылыс компанияларында еңбек ететін болады.
Айта кетейік, 2004 жылдан бастап Шымкент қаласындағы бірқатар мердігер компания басшыларымен келіссөз жүргізіп, студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында студенттік құрылыс жасақтарын еңбекпен қамту жұмыстарын дәстүрлі түрде жүргізіп келеді. Мәселен, 2013 жылы студент жасақтары қатарында 400, 2014 жылы 458, 2015 жылы 500 студент еңбекпен қамтылып, жазғы демалыстарын тиімді пайдаланған. Олардың орташа айлық жалақылары 50-70 мың теңгені құрап, күніне бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.
Бүгінгі таңда облыста 12 жоғары оқу орны бар. Онда білім алып жатқан жастардың саны 70 мыңға жуықтайды. Биылғы студенттік жасаққа тартылған жастардың басым бөлігін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің құрылыс мамандығына оқитын студенттері құрап отыр. Шәкірттер алдын-ала университеттің арнайы өндірістік аймақтарында іс-тәжірибеден өтіп, құрылыс негіздері бойынша оқу курстарында білім алған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.