Казгидромет мамандарының хабарлауынша, алдағы аптада өңірімізде ауа райы жыли бастайды. Оңтүстіқ Қазақстан облысының оңтүстік аумақтарында ауа температурасы +0 +5 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік аймақтарда және Шымкент қаласында +6 +8 градус жылы болады.
2-4 ақпан аралығында облыс аумағынан атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа температурасы төмендеп, кей жерлерде жауын-шашын болуы ықтимал. Сонымен қатар желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
5-6-7 ақпан күндері облыс бойынша ауа температурасы орташа, жауын-шашын болмайды.