Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім саласына ерекше тоқталды.
Нұрсұлтан Әбішұлы халықаралық стандартта білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебі еліміздегі барлық орта мектеп, гимназия, лицейлерге үлгі болуы тиіс екенін атап өтті. «Мектеп қызметі 11 сыныпты бітірген оқушының қолына аттестат ұстатып жіберумен шектелмейді. Біздің жастар 9, 10, 11 сыныптарда жүргенде нақты қай салада еңбек ететінін біліп, болашақ мамандығын таңдап қойған болуы тиіс және сол бағытта ізденіп, мектеп бітірген соң бірден өзіне қолайлы мамандыққа құжат тапсыруы қажет» деді Елбасы.
Біз жай мектептерге
Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін енгізсек, қазақ жастарына әлемнің кез келген жерінен білім алуға жол ашылады. Дамыған елдердің мамандарымен тайталасып еңбек ете алатын деңгейге көтеріледі. Біз алдағы жұмыс барысында Жолдауда аталған тапсырмаларға басымдық беретін боламыз.
Президент 2019 жылды Жастар жылы деп жарияланды. Жастар біздің болашағымыз десек, білім саласына баса назар аударудың маңызы зор. Президент тапсырмасына сәйкес, осы бағыттағы жұмыстар жандана түссе, нәтижелі болса, педагогтардың мәртебесі көтеріліп, сала білікті кадрлармен жасақталып, білім сапасы арта түседі.
Балаларға халықаралық стандартта білім беру үшін ұстаздар да жаңа заман ғылымын игереді. Ұдайы ізденіс үстінде жүреді. Сонымен қатар мұғалімдердің жалақысын көтеру және олардың баспаналы болу мүмкіндігі ұстаздар қауымына көрсетілген құрмет. Үлкен қолдау.
Сәуле ҚАЛЫБЕКОВА,
Нұрсәт шағынауданындағы
№80 мектеп директоры