АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ – билік пен халықтың алтын көпірі Избранное

Среда, 07 Ноябрь 2018 05:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3164 раз

Шымкентте күні ертең алғаш рет қалалық үкіметтік емес ұйымдарының «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» форумы өткелі тұр. Бұл – қаладағы үкіметтік емес ұйымдар тарихындағы үлкен іс-шара.

56

 

Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтеріліп, өзара ынтымақтастық пен әріптестік байланыс нығая түскен. Азаматтық қоғамды өркендету үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлық та аз емес.
Жергілікті билік қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде барлық қоғамдық институттарды жұмылдыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мысалы, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастығын дамыту үшін Шымкент қаласының әкімдігі жанынан «Қоғамдық форум», үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес, діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес және тағы да басқа диалог алаңшалары жұмыс істеп келеді. 

Жауапты мамандардың айтуынша, қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметін белсенді жүргізіп, шаһардағы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруына елеулі мүмкіндіктер жасалған.
– Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау көлемі жыл сайын артып келеді, - дейді Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының қоғамдық ұйымдармен жұмыс, талдау, және мониторинг бөлімінің басшысы Абзал Аширов. – Мысалы, 2018 жылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын қолдауға 284,6 млн теңге қаралып, 26 бағыт бойынша жобалар жүзеге асырылуда.
Жалпы, әділет департаментінен алынған мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 500-ден астам қоғамдық бірлестік тіркелген. Олардың жұмысы жалпы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтқанда шаһарда әйелдер және отбасы бірлестіктері, мүгедектер мен тұтынушылардың құқығын қорғайтын бірлестіктер, салауатты өмір салтын қалыптастыру және білім беру ұйымдары бар. Тағы бірқатар ұйымдар азаматтық қоғамды дамыту, зерттеулер жүргізу, экология, табиғатты қорғау бағытында жұмыс істеп жүр. Бұған қоса қоғамдық қорлар мен жастар ұйымдары да белсенділік танытып келеді.
Мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы ынтымақтастық жүйесін нығайту және өзара қарым-қатынастың тиімді механизмдерін жетілдіру мақсатында консультативті-кеңесші орган - Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық Кеңес жұмыс істеуде. Кеңестің құрамына тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қалалық мәслихаттың депутаттары, белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, құқық қорғау органдарының және жастар ұйымдарының жетекшілері енген. Кеңестің отырысында қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне талдаулар жүргізіліп, әлеуметтік жобалардың бағыттары бекітіледі. Осылайша Шымкенттегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы бір ізге қойылған деуге негіз бар.

 

Последнее изменение Среда, 07 Ноябрь 2018 08:20
Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.