Мұратәлі Қалмұратов – Ассамблея Кеңесінің мүшесі Избранное

Пятница, 23 Ноябрь 2018 04:56 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3812 раз

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов Ассамблея Кеңесінің мүшелігіне қабылданды. Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өткен болатын.

127

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконың төрағалығымен өткен Кеңес жұмысында ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.Божко, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қоғамдық даму вице-министрі С.Коновалов, Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА Кеңесінің мүшелері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, этно-мәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңес отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясында берілген тапсырмалар аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2019 жылы іске асырылатын жаңа жобалар нақтыланды.

Последнее изменение Суббота, 24 Ноябрь 2018 14:06
Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.