ЖАС ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ АЛДЫНДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Среда, 23 Январь 2019 10:50 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2758 раз

– Тәуелсіз елдің жаңа буынымен кездескен Елбасы Н.Назарбаев Жастар жылын ашық деп жариялаған салтанатты кездесуді ұжым болып тыңдадық. Президенттің «Елімізді құрдық, экономиканы көтердік, халықтың әл-ауқатын жоғарылаттық, мәдениетін, денсаулығын көтердік. Дүние жүзі таңқалатын Астананы салдық. Ең негізгі жетістігіміз, Мемлекет басшысы ретінде еңбегімнің жемісі – жаңа буынды тәрбиелеп шықтық» деп жастарға үлкен сенім артуының өзі біздерге күш берді.

811

Елімізде жастардың білім алуына, кәсіп игеруіне, әсіресе, біз секілді жас мамандардың біліктілігін шыңдауда үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Солардың ішінде қаншама маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылды. Ал бүгінгі жүздесуде Президент аталған бағдарлама арқылы бір маманға берілетін жәрдемақының 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке көтеру қажеттігін атап өтті. Әсіресе, ауылдық жерлерде дәрігерлердің тапшылығын ескерсек, бұл жаңалықтың қолына диплом алған мамандарға серпіліс беретініне сенімдімін.

Мемлекет басшысы, сонымен қатар, жастарды баспанамен қамту, кәсіпкерлікті дамытуда жаңа бағдарламалар мен талантты жандарға қолдау көрсету үшін қор құру қажеттігін айтып тапсырма берді.

Елбасы жастарға денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді атай келе, елімізде ана мен бала өлімі азайып, жүрек қан-тамыр ауруларының күрделі түрлеріне аймақтардағы дәрігерлер ота жасауға қауқарлы екенін атап өтті. Тұрғындардың өмір сүру көрсеткіші 67-ден 73 жасқа жоғарылады. Медицина саласындағы жас мамандардың алдында халықтың саулығын жақсарту, медициналық сақтандыру сынды жаңа реформаларды жүзеге асыру бағытында үлкен міндеттер тұр.

Қазақ елінде өндіріс, білім, медицина, ауыл шаруашылығы салаларында білім алып, еңбек етіп жүрген таланатты жастар көп. Олардың әрқайсысы еліміздің дамуына, өсіп-өркендеуіне, қандай да бір тың жаңалық пен леп әкелуге білімі жетеді.

 

Қуанышбек МҰҚАТАЕВ,
Шымкент қалалық
психикалық денсаулық
орталығының дәрігері

Последнее изменение Среда, 23 Январь 2019 11:32
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.