Несие онлайн режимде мақұлданады Избранное

Среда, 13 Март 2019 04:17 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2307 раз

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы мен филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті.

7-20-25 1

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ғани Ташқараев төрағалық еткен жиында Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауындағы «Әр отбасы үшін тұрғын үйді алудың жаңа мүмкіндіктері» бағытын іске асыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, қоғамдық қабылдау орындарында партия жұмысының Регламентін сақтау туралы сөз болды.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша Шымкент қаласының 340 тұрғынынан өтінім түсіп, оның 166 өтінімі мақұлданды. Сонымен қатар, бағдарламаның тиімділігін арттыру мақсатында Ұлттық Банк 2018 жылғы тамызда халықтың төлеу қабілеттілігін кеңейтуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізіп, Шымкент қаласында және Астана мен Алматы қалаларының қала маңындағы аймақтарында сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны 25 млн теңгеге дейін көтерілді.

Сондай-ақ, ҚР азаматтарына «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарызды онлайн режимде алдын ала мақұлдауды іске асыру тетігі әзірленуде. Жаңа жүйеде ипотекалық қарыздарды алуға өтініштер беру кезінде талап етілетін барлық құжаттар, анықтамалар мен есептер бойынша электронды мұрағат қалыптастырылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.