Қариялар – қазыналар

Пятница, 29 Март 2019 04:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2991 раз

Еңбекші ауданы Жұлдыз тұрғын алабының бастауыш ардагерлер ұйымында ардагерлерге қамқорлық жасау бойынша елеулі жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта ұйымның жұмыс жоспары да жасалған.

1212

Жуырда Жұлдыз бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Ергелді Сұлтанның төрағалығымен ұйым мүшелері бас қосты.

Ардагерлер мен зейнеткерлерді қамқорлыққа алуды көздеген ұйым мүшелері биыл да қариялардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын бағамдап, материалдық көмек көрсетуге ықпал жасауды, дертке шалдыққаны болса, көңілін сұрап, үйлеріне баруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, бастауыш ардагерлер ұйымы соғыс, тыл ардагерлері мен зейнеткерлерді мерейтойларымен құттықтап отырады. Мүмкіндікке қарай қарияларды арнайы демалыс, сауықтыру орындарына жіберіп те тұрады.

Бұған қоса таяуда Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Қ.Мейірманов жергілікті тұрғындармен кездесіп, халық қалаулысына көшелерді көріктендіру және атаулы мерекелерді атап өту бойынша ұсыныстар айтылды.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.