Тарихты насихаттауға студенттер де үлес қосады

Пятница, 29 Март 2019 04:43 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2132 раз

Жуырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Халқы Ассамблеясымен бірге «Ұлы Дала өркениетінің маңызы мен құндылықтары» атты халықаралық ғылыми практикалық конференция өтті.

 

ОҚМУ ректоры Дария Қожамжарова қатысқан іс-шарада ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары насихатталып, ондағы идеяларды іске асыру барысы талқыланды.

Елбасы «Бүгін және мәңгілік Қазақстанымыз – Ұлы дала елі, бұл Ұлы жаңғырған дала елі, біздің Отанымыздың көп этникалық халқының бесігі. Сүйікті Отанымыздың халықтық атауы – Ұлы дала елі.

Бұл ұғымда біздің қазақстандық мінезіміз бен оның негізгі ерекшеліктері – ашықтық, рухани байлық, жүректеріміздің жылуы, қонақжайлылық, бейбітшілікті сүю, даналық пен еңбексүйгіштік сынды қасиеттері көрініс тапқан» деп жазған болатын.

Конференцияда студенттер ғалымдардың зерделі, пайымды пікірлерін ықыласпен тыңдады, өздерінің жоспарларымен бөлісті.

Мысалы, «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының студенттері Елбасының бағдарламалық мақалаларын іске асыру аясында жүйелі жұмыс жүргізуге кірісуде.

Кафедра ұжымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы міндеттер мен бағыттар бойынша алдағы уақытта жүйелі жұмыстарын жалғастырып, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай төмендегідей іс-шараларға қатысу бірінші кезекте деп санайды:

1. Университетте «Латын графикасына негізделген қазақ тілі» курсы ұйымдастырылуда, кафедра ұжымы жаңа әліпбиді үйрену мақсатында осы курсқа қатысады;

2. Елбасы «Болашақта ұлттың табысты болуы – оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады.

Сондықтан әр қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болу керек» деген болатын. Заманға сай жаңғыру – баршамыздың міндетіміз. Осыған орай ағылшын тілін игеру мақсатында арнайы курсқа қатысады;

3. «Қазақ тіліндегі жаңа оқулық» жобасы ұйымдастырылып, жоба негізінде аударылған 10 оқулықты пәндердің оқу бағдарламаларына енгізіп, оқу процесінде тиімді пайдалануды кеңінен жүзеге асыру.

Біздің халық – атқа міну және жылқы шаруашылығы мәдениеті өркениетінің өкілі. Бұл жаңалық жалпы адамзат тарихындағы инновациялық импульс деп білуге болады. Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткен жеті бөлімнің символикалық мәні бар.

Олардан бағдар алып, төл тарихымызды барынша насихаттауымыз қажет.

Гүлмира Сахметова,
PhD докторы,
Райхан Шыныбекова,
аға оқытушы,
Қорлан Қорабаева,
аға оқытушы

Последнее изменение Пятница, 29 Март 2019 04:47
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.