400 мемлекеттік қызметкер тренингке қатысты Избранное

Пятница, 05 Апрель 2019 05:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2334 раз

5555

Үшінші мегаполисте мемлекеттік қызметкерлердің әдептілігі, сөйлесу мәдениетіне қатысты жыл басынан бері 102 шағым келіп түскен. Бұл арыздардың басым бөлігі жер, денсаулық, жол полициясы мен білім салаларына қатысты мекеме қызметшілеріне байланысты болып отыр.

Аталған мәселені шешуде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне халықпен жұмыс барысындағы сөйлесу мәдениетін қалыптастыру мақсатында тәжірибе сағатын өткізді.
Психология ғылымдарының докторы, бизнес-тренер, РФ кәсіби психотерапевтік лигасының халықаралық деңгейдегі ресми оқытушысы және мүшесі Гүлмира Аяпбергенова жүргізген тренинге мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, Абай ауданының әкімі Б.Парманов, Әл-Фараби ауданының әкімі
Ғ.Мәуленқұлов бастаған 400-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің іскерлік қарым-қатынасының ерекшеліктері, халықпен жұмыс істеудің психологиялық тетіктері, нақтырақ айтсақ, қызметтік саладағы шиленісті жағдайлардың алдын алу және реттеу себептері мен әдістері талқыланды. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Жиын барысында ойындар ойнатылып, аталған мәселе төңірегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге сұрақ-жауап ұйымдастырылды.