Шымкент қаласындағы рұқсатсыз жұмыс жасап жатқан тағам объектілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Вторник, 21 Май 2019 17:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 479 раз

Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті (әрі қарай – Департамент) және оның аудандық басқармалары тарапынан тамақтан уланудың және ішек ауруларының алдын алу мақсатында рұқсатсыз жұмыс жасап жатқан тағам объектілерін анықтау жұмыстары жалғастырылуда. Бұған дейін Департаментпен қаладағы бірқатар рұқсат құжаты жоқ тағам объектілерінің тізімі ақпараттық порталдарға орналастырылған болатын. Осыдан кейін тағам объектілерімен рұқсат құжатын рәсімдеу бойынша кеңестер алынып, өз жұмысын бастағаны туралы хабарлама және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға өтініштер беріліп жатыр.

Сонымен қатар, аталған тағам объектілерін толық рұқсат құжаттарымен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлерге түсіндіру және санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде.

2019 жылғы 17 мамырда Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби және Қаратау аудандарының қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларымен кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылып, кезекті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында Абай ауданына қарасты – 26, Әл-Фараби ауданына қарасты – 15, Қаратау ауданына қарасты – 11 жеке кәсіпкерге Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және xабарламалар туралы» Заңының талаптары түсіндіріле отырып, рұқсат құжаттарды рәсімдеу тәртібі талқыланды. Сонымен қатар, тамақтан улану, өткір ішек аурулары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері көтерілді.

Еңбекші аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен 8 нысанға шығып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 1 жеке кәсіпкер басқарма басшысының жеке қабылдауында болып, өзіне түсініксіз сұрақтар бойынша жауап алды.

Осы орайда, әлеуметтік желілер арқылы тағам өнімдерін өндірумен, сатумен, тамақтануды ұйымдастырумен айналысатын кәсіпкерлерді санитариялық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы заңдылықтардың талаптарын сақтауға және рұқсат құжаттарын уақтылы рәсімдеуге шақырамыз!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.