Шомылу маусымына дайындық басталды

Пятница, 24 Май 2019 04:18 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 206 раз

Шымкенттік төтенше жағдайлар қызметкерлері жазғы шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын ескеруге шақырады.

чс

Наурыз алаңында ерікті жастардың қатысуымен флэшмоб ұйымдастырылып, қала тұрғындарына суда шомылу ережелері түсіндірілді. Жедел құтқару жасағы су қоймаларындағы негізгі тәртіп ережелері және суда болған жағдайда не істеу қажет, алғашқы көмек көрсету ережелері туралы арнайы көрініс көрсетті.

Құтқарушылардың айтуынша, қала аумағындағы субұрқақтар мен өзен-көлдерге шомылуға тыйым салынған. Мұндай орындарда көпірлер мен дамбалардан, қайықтардан суға сүңгімеуге, балаларды қараусыз қалдырмауды қатаң ескертеді.

– Қайғылы жағдайлардың негізгі себебі, суға масайған күйде түсу, сонымен қатар қауіпті орындарда шомылу. Салқындаймыз деген адамдар судағы қауіпсіздік ережелерін ұмытып, жақын маңдағы су айдындарына түсуде. Қауіпсіздікке немқұрайлы қарамау керек, - дейді Төтенше жағдайлар департаментінің аға офицері Нұржан Қарагөзов.

Бақыланбайтын орындарда шомылу, балық аулау кезінде судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамау, балалардың су айдындардың қасында ересектердің қарауынсыз қалуы жазатайым оқиғалардың негізгі себептеріне кіреді. Биылғы 4 айда қала аумағында судағы жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.

Айта кетейік, бүгінде жалпы қала бойынша 4 өзен, 4 су қоймасы, 5 тоған және 22 демалыс орындары (аквасаябақтар, саяжайлар және т.б.) бар.