Түлектермен тағылымды кездесу

Пятница, 31 Май 2019 04:31 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2586 раз

Шымкент қаласының орталық «Ақмешіт» мешітінде «Жолың болсын, жас түлек» атты мектеп түлектерімен кездесу өтті.

Фото тағлым 2

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен іс-шараның ерекшелігі ғалым, әдебиетші, қоғам қайраткерлерінің жастармен рухани ордада кездесуінде болды. Кешке ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Шалатай Мырзахметов те қатысты.

Қоғам қайраткері өмірінің үлгілі сәттерін еске алып, өзінің өмірдегі, қызметтегі іс-тәжірибесімен бөлісті. Іс-шараға қатысқан жас түлектерге сәттілік тілеп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы «Жүз жаңа оқулық» жобасымен басылған әдеби-ғылыми кітаптар сыйлады.

Ал орталық мешіттің наиб имамы Мұхаммеджан Естеміров демалыс айларында қалада үш айлық тегін дәрістер өтетінін хабарлады.

Сонымен қатар қасиетті Рамазан айында мешіт қызметкерлері көпбалалы, аз қамтылған 200 отбасыға азық-түлік таратты. Рухани орданың рухани қозғалысы алдағыуақытта да жалғаса береді дейді дін өкілдері.

Последнее изменение Пятница, 31 Май 2019 04:39
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.