Шыңыраудан шыңға самғаған тұлға

Пятница, 31 Май 2019 04:35 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2373 раз

Шымкентте Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловты еске алу жиыны өтті.

Фото музей 3

Қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде өткен басқосуға тарихшы-ғалымдар, атап айтқанда, М.Әуезов атындағы ОҚМУ тарих ғ.к., доцент Н.Тәжімұқанова, ОҚМПУ оқу-ісі жөніндегі проректоры, доцент Баршагүл Қашқынқызы, ОҚМПУ т.ғ.к., доцент Алдаберген Мүслім, ОҚО тарихи-өлкетану музейінің филиалы Тұрар Рысқұлов атындағы музей меңгерушісі Махмұтов Лесбек, сондай-ақ музей архив қызметкерлері және қала тұрғындары мен қонақтары, жастар қатысты.

Көпшілік алдымен ашаршылық пен тоталитарлық саясат жылдарында жазықсыз жапа шеккен тұлғалар рухына тағзым етті. Алаштың ардақты азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың өмірбаяны мен қызметі жайлы қонақтарға толық мағлұмат беріліп, фильм көрсетілді. Ұлы даланың ұлы тұлғасы, қазақтың ұлтжанды азаматы, өз заманының көшбасшысы болған Тұрар Рысқұлов туралы тың деректер айтылды.

Тарихшылардың дерегінше, Рысқұлов қазақ жерінде Мұсылмандар бюросын құрып, Түркістан атқару комитетінде «Ашаршылықпен күрес комиссиясын» басқарған. Сол мәселені шешу мақсатында Түрксіб темір жолын салуды
Мұхаметжан Тынышбаевпен бірге іске асырған Алаштың ардақтысы еді.

«Тіпті, 1920 жылы Куйбышевпен Шымкент жеріне келіп, большевиктер ұйымын құруға ұйытқы болған да жалынды коммунист Тұрар Рысқұлов болғаны көрші елдерде архивтердегі мағлұматтарда бар», дейді ғалымдар.

Өзбекстандық киностудия түсірген фильмдерде де Рысқұловтың ролі мен саяси тұлға ретіндегі образы анық келтірілгені де сөз болды. Моңғолияның астанасын бекітуге де қазақтың ардақты ұлы септігін тигізген. Жиынға қатысқан ОҚМПУ студенттері, «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін жетілдіру орталығының тыңдаушылары да өз ойларын ортаға салды.

Тарихи тұлғаның еңбегін жастарға жеткізу жайын сөз етті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.