ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

Среда, 18 Сентябрь 2019 10:44 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 320 раз

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі қабылданып, этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған.

Бұл Кодекс мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді және халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Кодексте мемлекеттік қызметшілердің ұстануы тиіс мінез- құлықтарының жалпы стандарттары мен қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары бекітілген. 
Жалпы стандарттарға: мемлекеттік қызметшілердің өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы,  әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау жатады.

Яғни мемлекеттік қызметшілер азаматтармен, ұжымда сөз сөйлеуде сыпайылық пен әдептілікті ұстануы қажет. Өз кезегінде, халықпен өзара қарым-қатынасының негізгі көрсеткіші мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы болады. Сондықтан, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде халықтың сұранысына бағдар ұстану талаптарын қояды.

Мемлекеттік қызметші өзінің әдепсіз мінез-құлықы мемлекеттік аппаратқа деген сенімді бұзатынын түсіне отырып, оған жүгінген азаматтардың әрбір мәселесіне ұқыпты қарап, шешім қабылдау барысында уақыттылығын, заңдылығын және әділдігін қамтамасыз ету қажет.

Жалпы Кодекс мемлекеттік қызметшілердің мәдениетіне ғана емес, сондай – ақ қызметтік міндеттерді орындау мәдениетіне де талаптар қойды. Бұл нені білдіреді. Қазіргі таңда барлық өңірлерде Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс жасайды. Олар өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарын ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының нәтижелерін қарайды.   

Стандарттың екінші түрі ол – арнайы стандарттар. Олар қызметшілердің мінез-құлық ережелерін өзге жағдайларда: қызметтен тыс уақытта, әріптестер арасындағы қызметтік қатынастар, көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын белгілейді.

Яғни, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс. Дегенмен, бұл талаптар кейбір мемлекеттік қызметшілер тарапынан сақталмайды. 

Сондай-ақ, жаңа заңнамаға сәйкес осы жылдан бастап Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілді. Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасын жүзеге асыратын, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін лауазым иесі. 

      

Қаратау ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы С.Нуримбетова

Последнее изменение Среда, 18 Сентябрь 2019 11:05
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.