Инсульттің алдын алыңыз

Среда, 16 Октябрь 2019 09:39 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 159 раз

Инсульт — бастың қан айналым жүйесінің жедел бұзылуы. Бастағы ми қан тамырларының зақымдануы және қан тамыр жүйесінің түрлі ақаулары инсульке шалдықтырады. 

330

 

Инсульт екіге бөлінеді. Бірінші геморрагиялық. Бұл бас миына немесе оның сыртқы қабығына қан құйылуы. Екінші ишемиялық. Бұл бас миының инфаркті. Ең қауіпті түрі — геморрагиялық инсульт. Мұндай кезде адам есінен танып қалады. Инсульттің бұл түріне шалдыққандардың 70 %-ы көз жұмады. Ал ишемиялық инсульт алған адамның миына қан дұрыс бармайды. Уақытында дәрігер көмегіне жүгінсе, аурудан толық айығып кетуге болады.

Инсульт әйелдерден гөрі ер кісілерде жиі кездеседі. Қауіп факторларына: науқастың жынысы, жасы, тұқымқуалаушылық факторлар жатады. 
Инсульттің негізгі қауіп факторлары: 
*Артериялық гипертензия, ғни жоғары қан қысымы; 
*Шылым шегу; 
*Жүрек аурулары; 
*Қант диабеті; 
* Май алмасуының бұзылысы; 
* Алькогольді ішімдіктерге әуестік; 
* Ауыз арқылы қабылданатын контрацевтивтер қолдану. 
* Артериялық гипертензия. 
Артериялық гипертензия - ишемиялық және геморрагиялық инсульттің ең қауіпті факторы болып табылады. Дерттің емі дұрыс әрі тиімді болған жағдайда, инсульт қаупі екі есе төмендейді. Артериялық қан қысымын 140/90 мм. с.б.б. дәрежесінде сақтап тұру шарт. 
Темекінің зияны
Шылым шегу - жүректің және бастың қан тамырларында атеросклероздың және тромбтардың пайда болуына әкеледі. Шылым шеккен адамдарда инсульт қаупі екі есе ұлғаяды. 
Жүрек аурулары
Жүректің ишемиялық сырқаты, жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ақаулары, жыпылықтаушы аритмия кезінде инсульт екі есе жиілейді. 
Қантты диабет 
Қантты диабет - үдемелі түрде атеросклероздың қалыптасуына әкеледі. Емдәмді сақтау, қандағы қанттың мөлшерін төмендету, тұрақты түрде қандағы глюкозаның мөлшерін есептеп тұру инсульттің алдын алады.
Алкогольді ішімдік
Алкогольді ішімдік ішу - артериялық қан қысымының жоғарлауына әкеп соғады. Осының әсерінен кардиомиопатия, жүрек фрғағының бұзылыстары пайда болады. 
Қайталамалы инсульттің алдын алу
Әрбір бесінші инсульт қайталамалы инсульт болады. Қайталамалы инсульттер өте ауыр өтеді және 1,5 пайыз жағдайда өліммен аяқталады. Бүкіл әлемде 1,5 миллион адам инсульт алған. 1 жылда 4-14 % қайталамалы инсульт алады. 

Дерттен сақтану өз қолыңызда!

Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.