Сыраның ағзаға әсері туралы не білесіз?

Среда, 16 Октябрь 2019 09:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 163 раз

Соңғы жылдары елімізде сыраға әуес жандардың қатары көбейді. Әсіресе, жастар арасында осы ішімдік түрі кең тарап кетті. Деректерге сүйенсек, халық спиртті ішімдікке  қарағанда, сыраны екі есе көп пайдаланады. Әрбір адам жылына 10 литр сыра ішеді екен. Сыраға тәуелділік, біріншіден, денсаулыққа зиян болса, екіншіден, қоғамға қауіпті.

331

 

Біздің елімізде сыраны пайдаланушылар көп. Дәрігерлер сыраның құрамында  алкоголь аз болғанмен, оның денсаулыққа тигізер зияны ұшан-теңіз екенін айтады. Мәселен, сыраны көп ішетін жігіттердің даусы жіңішкеріп, қарны ұлғаяды және жүрек ауруына жиі шалдығады екен. Сондай-ақ ер адамның ағзасында әйел гармонын үдетіп, бедеулікке әкелсе, қыздарда еркекшоралық мінез пайда болады.

Сыраның зияны: Сыраның құрамында этил спирті бар. Сондықтан ол көпіршігенде алкоголь құрамы 14 пайызға дейін өседі. Яғни, 200 грамм сыраның 50 грамы ішімдікке айналады екен.

Жалпы, салқын сыра асқазан мен ішек жолдарына зиян. Асқазанның шырышты қабатын зақымдап,  сұйықтықты реттейтін жасушаларды жояды. Сондықтан сыраны көп ішетін адамның асқазаны бұзылып, ас қорытуы қиындайды. Әсіресе, салқын сыра созылмалы гастрит ауруына әкеледі.Сонымен бірге, сыра семіздікке апаратын бірден-бір жол.

Сыраның бауырға да зиян екенін дәрігерлер жиі айтып жүр.  Ал бауыр адам ағзасын тазартатын ең нәзік, әрі өте сезімтал мүше. Жиі сыра ішу осы мүшенің улы заттарға қарсы тұру күшін жойып жібереді. Дәрігерлер бауыр циррозымен ауыратындардың басым бөлігі сыраға аса құмар адамдар екенін анықтаған.

Сондай-ақ сыра бүйрек пен қуыққа да әсер етеді. Аталған сусынды көп ішкен адамның зәр айдау жүйесі шамадан тыс күшейіп кетеді. Бұндай жағдай ағзадағы қажетті минералдардың сыртқа шығып қалуына әкеліп соқтырады. Егер денедегі калий, магний дәрумендері азайса, адамның жүрек соғысының ырғағы бұзылып, тез шаршайды. Жалпы, үздіксіз сыра ішу бауыр мен бүйректі толық істен шығарып, бүйрекке қан құйылу, адамды естен адастыру қаупін туғызады.

Зиынды ішімдік сыра адамның қан құрамына тез сіңетін болғандықтан, бұл сусынды жиі ішетін адамның қан тамырлары кеңейіп, варикозға тез шалдығады.. Ал бұндай жағдай жүрек қабының кеңеюіне әкеліп соғады. Өйткені ,бүйрек пен бауырдың қызметі бұзылғанан кейін жүрекке салмақ түсіп,  адам инфарктіге шалдығуы мүмкін.

Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.