446 бітіруші маманның 90% жұмыспен қамтылған

Среда, 04 Декабрь 2019 04:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 698 раз

Шымкенттегі Жол-көлік колледжінде республикалық семинар-практикум  өтті. Маңызды жиында еліміздің 14 өңірінен келген техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің  оқытушылары бас қосты.

 

Қатысушылар жаңа технологиялық бағыттар бойынша біліктілігін шыңдады. Ағылшын тілін білу, өндірістік тәжірибеден өту жайы сөз болды.
Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Балмаржан Нарбекованың айтуынша, Шымкентте техникалық кәсіптік сала бойынша 11 мемлекеттік, 19 жекеменшік арнаулы орта білім беру ұйымы бар. Онда 26 684 студент 10 кәсіптік және техникалық сала, 75 мамандық бойынша білім алады. Биыл 446 бітіруші жас маманның 90 пайызы жұмыспен қамтылған.
Ал «Кәсіпкер» холдингі ККАҚ оқу-тренинг орталығының директоры Нұрдәулет Жанайдаров елімізде 400-ден астам колледждің дуальды оқыту жүйесіне енгізілгенін атап өтті. Республикалық семинар-практикум пленарлық отырыс және практикалық сессия бағытында өтті.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.