«Денсаулық жолы» акциясы өттi

Понедельник, 18 Август 2014 03:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5343 раз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы  29 қарашадағы     №1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау  саласын  дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру  және  Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2014 жылғы 27 қаңтар айындағы №45 «2014 жылға арналған  саламатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың профилактикасы жөнінде іс-шаралар өткізу туралы» бұйрығын іске асыру мақсатында Қазақстанда жыл сайын өңірлік ауыл тұрғындарына арналған кең ауқымды «Денсаулық жолы» акциясы өткізіледі.

Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының  2014 жылғы 2 шілдедегі №525-ө «Денсаулық жолы» акциясын өткізу туралы бұйрығын орындау мақсатында 2014 жылғы 4 тамызы мен 6 тамызы аралығында облыс көлемінде «Денсаулық жолы 2014» акциясы өткізілді. Акцияның басталу сәті №3 Шымкент қалалық емханасында Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, медицина ұйымдарының бас дәрігерлері және мамандары,   бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысуымен өткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы    басшысының орынбасары Қ. Қалибеков  акцияның өткізілуі туралы сөз сөйлеп, дәрігерлерге сәт сапар тіледі.
Осы жылы өткізілетін ақпараттық-коммуникациялық «Денсаулық жолы» науқанының басты назары қан айналымы жүйесі ауруының, қант диабетінің, онкологиялық аурулардың және мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алуға аударылды. Науқан терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі мамандарын тарту арқылы оңтайлы медициналық бригаданың шалғайдағы ауылдарға баруымен жүзеге асырылды.
2014 жылдың 4 мен 6 тамызы аралығында облыстық, қалалық емдеу мекемелерінің терапевт, педиатр, эндокринолог, онколог, кардиолог, фтизиатр және ОСӨСҚО –ның дәрігерлерінен құралған мобильді медицина бригадалары Сайрам, Түлкібас, Төли би аудандары мен Кентау қаласының шалғай ауылдарына шықты.
«Денсаулық жолы 2014» ақпараттық – ағарту науқанымен өткен акцияның өту барысында мамандарымызды аудан, ауыл округі әкімдері, аудан, ауыл медицина ұйымдарының  бас дәрігерлері және орынбасарлары, СӨСҚ-ға жауапты дәрігерлер, медбикелер, ДНО, БАҚ өкілдері, жергілікті ауыл тұрғындары күтіп алды. Дәрігерлер   ауыл  тұрғындарына  ерте  анықталған  онкологиялық,  туберкулез  ауруларының  алдын  алу және денсаулықты сақтау  және салауатты өмір салтын ұстану туралы кеңестер берді. Туберкулездің, қатерлі ісіктің, артериялық гипертонияның алдын алу, скринингтік тексеруден өту және басқа аурулардың алдын алу тақырыптары бойынша ақпараттық танымдық материалдар таратылды. Акцияны  өткізуде  жергілікті  БМСККМ-нің  және АСӨСҚО-нің қызметкерлері  атсалысып,  үлкен  белсенділік  танытты.  «Денсаулық жолы 2014» акциясында облыс көлемінде жалпы 2289 адам қамтылып, 1619 адам тегін  кеңес алды.    
Акция соңында ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, осындай акцияның жиі ұйымдастырылып тұруына тілек білдірді.

Балжан ТУЛЕУОВА,
облыстық салауатты өмір салтын  
қалыптастыру
орталығының дәрігері.

Последнее изменение Понедельник, 18 Август 2014 04:23
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.