Көше кеңейiп, қозғалыс жеңілдемек

Понедельник, 25 Август 2014 03:08 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2473 раз

Абай ауданына қарасты «Самал -3» шағынауданындағы Әл-Фараби көшесінде құрылыс жұмыстары қарқын алған. Қаланың бас жоспарына сәйкес, Әл-Фараби көшесінің 5,2 шақырымы отыз метрге кеңеюі тиіс. Яғни, Алматы айналма тас жолынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты қосу межеленген. Бұл жұмыстардың бәрі Шымкентті үшінші мегаполиске айналдыру мақсатында жасалып жатқанын айта кету керек.

Құрылыс мамыр айында басталған. Жауапты мердігер компания «Түркістан жол сервис» ЖШС. БАҚ өкілдерін қайнаған құрылыс барысымен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ерсейіт Бұқарбаев таныстырды. Оның айтуынша, тұрғындар тарапынан ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Бұл жағдай тұрғындарға толыққанды түсіндірілген. Жеке тұрғын үйлердің жол белдеулеріне шығып кеткен нысандар жойылады. Мұндай заңсыз 46 нысан бар. 14 заңды, құжаттары бар нысандар мемлекет есебінен бағаланып, ақшасы төленеді. Бүгіндері жолдың астындағы инженерлік-коммуникациялық жүйелерді жол белдеуінен шығару жұмыстар жүргізілуде.
Қазір 5,2 шақырымның  830 метр кеңейтіліп жатыр. Жалпы құрылысқа бюджеттен  1 млрд. 718 млн. теңге бөлініпті.
Келешекте Темірлан тас жолы мен Алматы тасжолына дейінгі аралық қосылып, қимыл-қозғалыс жанданады. Әрі тар көше абаттандырылып, көркейетін болады.
«Биыл 495 млн. теңгені игереміз. Жоспар бойынша 2015 жылы көшені толық пайдалануға беріледі»,- дейді Ерсейіт Ермекұлы.

Т. ҚАСЫМ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.