Нәтиже кепiлi - тәртiп пен тазалық

Понедельник, 25 Август 2014 04:18 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2072 раз

Департаментте алдына қойған тапсырмасы негізінен жеке құрам арасында лауазымдық қылмыстармен және құқық бұзушылықтармен күресу және тәрбие жұмыстарын жүргізу болып табылатын Ішкі қауіпсіздік басқармасы және кадрлармен жұмыс бөлімі жұмыс атқарады.


Осы жылдың басынан бері Департаменттің аталған құрылымдық бөлімшелерімен 17 қызметтік тергеу жүргізілді және 53 лауазымды тұлға өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, Ішкі қауіпсіздік басқармасымен Департамент қызметкерлеріне қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды, 1 сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық анықталды. Департамент бойынша сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылықтың алдын алу шарасы Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің жеке құрам арасында лекция, сұрақ-жауап, бейнебаян сияқты әдістер арқылы сөйлеуін, сауатты түрде түсінік жұмыстарын жүргізуін ай сайын жүйелі өткізіп отырады.
Кеден қызметіне алынатын жас мамандар кеден саласына қажетті кәсіби мамандығы болған жағдайда арнайы тексеріс түрлерінен өткізіліп, зерттеліп, конкурстық негіз бойынша өткендері ғана қабылданады. Әртүрлі сынақтардан өтіп келген жас мамандар бірнеше жылғы еңбек өтілі бар кәсіби мамандардың қол астында тәлімгерлік тәжірибе жинақтайды.  
Жүйелілік пен реттілік, сайып келгенде тәртіпке негізделіп, ұжымның алға қойған міндеттер мен мақсаттарына жетуге қол жеткізері анық. Осы орайда, ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің тарапынан биылғы жартыжылдықта берілген 19 млрд 241,9 млн. теңге болжамдық-жоспардың нақты орындалуы 20 млрд 708,5 млн. мың теңге болып, көрсеткіш 107,6% пайызды құрады.
Мақсат бір, мүдде ортақ. Ендеше, өнімді еңбекке жетер тұстағы бастау алар тұсымыз заң қағидаттары мен темірдей тәртіп болмақ.

Жасұлан АХМЕТОВ,
Оңтүстік Қазақстан облысы
бойынша Кедендік бақылау
департаментінің бастығы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Кемел болашаµымыздың кепiлi Өз тiгiн цехын ашты »