Өз тiгiн цехын ашты

Понедельник, 25 Август 2014 04:14 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2829 раз

Шымкент қаласының тұрғыны, үш баланы бір өзі тәрбиелеп жүрген Гүлдариға Темірбаева ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қолдауымен тігін цехын ашты.

40 жастағы әйелдің жамбас буынына 2006 жылы ота жасалып, содан кейін оған ІІ топтағы мүгедектік берілді. Бірнеше жыл бойы жұмыс таба алмаған ол ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегіне жүгінген.
«Бизнестің қыр-сырын меңгердім: бухалтерлік есеп жүргізуді үйрендім, көптеген бағдарламалармен таныстым. Бұрын тігумен айналысатынмын. Сондықтан кәсіпкерлер мектебін тәмамдағанда немен айналысатынымды білдім», - деді Г.Темірбаева.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жалғызбасты анаға төсек-орын тысын тігетін цех ашуға көмектесіп, бизнес жоспар құрып берді.
Өз ісін ашу үшін Гүлдариға небәрі 200 мың теңгеге жуық қаражат жұмсады. Оны мейірімді Шымкент тұрғыны ұсыныпты. Азаматша қажетті техниканы сатып алып, шымкенттік дүкендермен алғашқы тауарын өткізу туралы келісімге келіп те қойды. Енді ол жақын арада көмекшілерін жұмысқа алуды көздеп отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.