Кемел болашаµымыздың кепiлi

Понедельник, 25 Август 2014 04:21 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2375 раз

Жалпы, кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат, ол – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Ата Заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдің бастауы болып табылатын құжат енді ғана 19 жасқа толып отыр.Әрине, тарих ауқымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді.
Біздің міндет - Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, тарихымызды, жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек.  
Атам қазақ ерте кезден «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген. Сол себепті біз, яғни ертеңі мол еліміздің, елім десе елжіреп, халқым десе қасық қанын қиятын азаматтары, ел болашағы жарқын болуы үшін халықтың құқықтары мен тәлімін ең алдымен жас өскелең ұрпақ — балалардан бастағанымыз жөн. Жастар  – кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мен жағымсыз әдеттерге бой алдырмауына тыйым салу бүгіннен басталады.

Н. ЕСЕНОВ,
Шымкент қаласы
Абай ауданының
Әділет басқармасының
басшысы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.