Кітапханашалар АЭС құрылысын қолдайды

Пятница, 04 Октябрь 2024 06:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 57 раз

WhatsApp Image 2024-10-04 at 10.30.05

Орталықтандырылған балалар кітапханалары жүйесінде кітапханашылар арасында ҚР Президенті Қасым–Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша талқылау өткізілді.

Жолдауда әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінгенін, балаларды құмар ойынға тартқандарды әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатынын, кәмелетке толмаған балаларға зорлық – зомбылық көрсеткені үшін жаза қатаңдағанын, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуін, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуына арналған заң қабылданғанын айтылды.

№7 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі А.Құрмашова: «2025 жылды Жұмысшы мамандары жылы» деп жарияланғанын, ішкі істер министрлігі ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдердің заңсыз көшіп келуіне және басқа да ауыр қылмыстарға қатаң тосқауыл қойылғанын, қарақшылықты түп – тамырымен жою қажеттілігін, түрлі экстремистердің, оның ішінде әсіресе, діншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты, құқық қорғау органдары батылдық және табандылық танытуы қажет екендігі Жолдауда көрсетілгендігіне тоқталды.

Кітапханашы Ә.Қабылова «Жайлы мектеп» жобасына, бұқаралық спортқа көңіл бөлінетіндігіне тоқталды.

Сонымен қатар, АЭС салу мәселесіне қатысты жалпы ұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетінін нақтыланды. Кітапхана қызметкерлері осы Жолдау бойынша өз ойларын айтып, қолдау білдірді.

Ұ.Бакирова,
Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар
кітапханалар жүйесінің библиографы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.