Құрылыс компаниялары тиімді ұсыныс жасады

Среда, 13 Июль 2022 10:07 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1179 раз

ui-iarmarka

Миллиондар мекені Шымкенттегі Арбат алаңында жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға Шымкент пен Түркістан қалаларынан 12 құрылыс компаниясы қатысты. Олардың қатарында танымал «Bi group», «Батсу», «Otau group», «Kanfar.building», «APT-Кұрылыс» секілді құрылыс компаниялары бар. Олардың әрбірі тұрғындарға тиімді ұсыныстар мен жәрмеңкелік жеңілдіктер ойластыра келіпті.

Осы күнге арналып компаниялар тарапынан 2 пайыз бен 5 пайыздық, әрбір шаршы метріне 20 мың теңгелік жеңілдіктер ұсынылды. Бұдан бөлек 3 млн теңгеге дейінгі жеңілдік жасау жолдары қарастырылған. Егер тұтынушы жәрмеңке барысында тұрғын үйді таңдаса және бірден банк кеңесшілерінен кредитке алдын ала мақұлдау алса, онда көрсетілген жеңілдік қолжетімді болады.  

Жыл басынан бері қаламыздағы «Отбасы банк» қызметкерлері 2 мыңнан астам азаматқа ипотекалық несие рәсімдеген. Бұл күн сайын 10-15 адамның өз баспанасына қолы жетіп, қоныс тойын тойлайтындығын білдіреді. Бұдан бөлек, Шымкент тұрғындары тұрғын үй сатып алу үшін банктен 18 мың жаңа салым шоттарын ашқан.

– Отбасы банктің жинақтаушы шоттарына деген мұндай сұраныс қарыздар бойынша мөлшерлемелердің қолжетімділігімен түсіндіріледі. Шотта бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, біздің клиенттеріміздің тұрғын үй сатып алу үшін 3,5 пайыздан 8,5 пайызға дейінгі мөлшерлемелер бойынша әрі қарай несиелену мүмкіндігі бар, - деп түсіндірді «Отбасы банктің» Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.

Жәрмеңкеде Отбасы банк пен жеке құрылыс компаниялары ипотекалық несиелерді рәсімдеудің жаңа жағдайлары бойынша өзара келісімшарт жасасты. Мәселен, Отбасы банк «Kanfar Building» құрылыс компаниясымен меморандумға қол қойды. Жаңа бірлескен бағдарлама аясында енді 5 пайызға дейін төмендетумен, жылдық 7 пайыз (СЖТМ 7,4%-дан бастап) мөлшерлемесімен баспанаға қол жеткізуге болады. Алғашқы жарна — 30 пайыз.

Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мұның жағымды жаңалық екенін атап өтті. Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі екі күнге созылып, тұрғындар жеңілдіктерді пайдаланды.

Б.ӘБДІОРАЗ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.