Қол жұмылмай жылынбайды

Среда, 13 Июль 2022 10:15 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 835 раз

Президенттің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жемқорлықтың себептерін анықтап, оның алдын алу, жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті, сананы өзгертуге бағытталған маңызды құжат болып отыр.

Соңғы уақыттарда жемқорлыққа қарсы бағытталған заңнамаларды жетілдіруде тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп келеді.

Атап айтқанда, қол астындағы қызметкерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысы анықталса, тікелей басшысының жауапкершілігін қарау, мемлекеттік қызметшімен қатар, оның отбасы мүшелерінің сыйлықтар алмауы, сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қылмыстық жазаға тартылғандарды мерзімінен бұрын босап шығуына тиым салу және олардың жазаларын қатаң режимде өтеуі, жемқорлық әрекеттерін алдын алу мақсатында құзырлы органдарға хабарлама берген азаматтарға берілетін сыйақы мөлшерінің артуы секілді шаралар.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және басшылық тәжірибесін тиімді қолдануда саяси қызметшілер ротациясы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында, әдеп нормалары мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін әдепті бұзғаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болса, қызметшінің басқа лауазымға ауысуына тиым салу жөніндегі шектеулер заңмен бекітілген.

Жуырдағы, Президенттің бюрократиядан арылу жөніндегі тапсырмасы мемлекеттік қызметтегі қағазбастылықты азайтып, құжат айналымы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрінің толықтай цифрлық жүйеге өтуіне, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттырып, олардың жедел шешім қабылдауына әсер етіп, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықты болдырмауға септігін тигізеді деп сенемін.

Еңбекші ауданы әкімінің аппаратында жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары ұдайы жүргізіледі. Күнделікті жұмыс барысында, қолданыстағы заңнамаларын қатаң сақтау, жемқорлық әрекеттер үшін заңмен көзделген жауапкершіліктер жөнінде аудан әкімі аппаратының қызметшілері арасында құқықтық сабақтар мен семинарлар тұрақты түрде өткізіліп отырады.

Сөз соңында, Алаш ардақтылары Ә.Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету - білімнен емес, мінезден!» және Б.Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмас, тәртіпке бағынған құл болмас!» деген сөздерін негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алуда жұмыла жұмыс жүргізуіміз қажет дегім келеді.

Д.ЕСІЛБЕК, Еңбекші ауданының әкімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.