Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

Понедельник, 26 Август 2024 11:12 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2295 раз

Дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар тізілімге енгізу мақсатында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына «Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосу мәселелерін қарау жөніндегі арнаулы комиссияның» қарауына https https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/828425?lang=kk ресми сайтында орналастырылған құжаттарды ұсынады.

Өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларының https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/828425?lang=kk көрсетілген, 2-қосымшадағы бекітілген нысандарға (форма) сәйкес басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс.

Өтінім берілетін орын: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 10, 13-қабат, №1307 кабинет.

Электрондық пошта мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефондары: 8 (7252) 24-74-22, 24-75-14.

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2024 жылғы «1» қыркүйектен бастап

2024 жылғы «15» қыркүйек аралығында жұмыс күндері сағат 10-нан 17-ге дейін (жергілікті уақыт).

Осы хабарландырумен және құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/828425?lang=kk сайтта танысуға болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.