Жиында сөз алған облыс әкімі жергілікті полиция қызметі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» негізінде құрылғанын айтты.
«Жергілікті полиция бұдан былай өңірдегі заң бұзушылықтарды анықтауға, зерделеуге және жоюға бағытталған шараларды ұйымдастыратын болады. Сондай-ақ, жергілікті полиция қоғамдық тәртіпті қадағалап, жол жүрісін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – деді облыс басшысы.
Балтабек Сейілбекұлы Абылаев – 1962 жылы туған. ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. 1990 жылдан бастап ішкі істер саласында қызмет етіп келеді. Б.Абылаев жаңа қызметіне дейін ОҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы қызметін атқарып келген.
Жергiлiктi полиция қызметiне кiрiстi Избранное
Среда, 13 Январь 2016 06:09 Автор Редакция Опубликовано в Заң Прочитано 2977 разРедакция
Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.