Жергiлiктi полиция қызметiне кiрiстi Избранное

Среда, 13 Январь 2016 06:09 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2974 раз

Өңір басшысы Б. Атамқұловтың қатысуымен өткен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясында ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың ұсынысымен, облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен, облыс әкімінің өкімімен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына Балтабек Абылаев тағайындалды.

img 0622 1Жиында сөз алған облыс әкімі жергілікті полиция қызметі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» негізінде құрылғанын айтты.
«Жергілікті полиция бұдан былай өңірдегі заң бұзушылықтарды анықтауға, зерделеуге және жоюға бағытталған шараларды ұйымдастыратын болады. Сондай-ақ, жергілікті полиция қоғамдық тәртіпті қадағалап, жол жүрісін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – деді облыс басшысы.
Балтабек Сейілбекұлы Абылаев – 1962 жылы туған. ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. 1990 жылдан бастап ішкі істер саласында қызмет етіп келеді. Б.Абылаев жаңа қызметіне дейін ОҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы қызметін атқарып келген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Арнайы жұмыс тобы рейдке шықты 35 мың теңге... »