35 мың теңге...

Пятница, 15 Январь 2016 05:39 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4753 раз

Облысымызда екі бірдей лауазым иесі азаматтардан істерін басқа жолмен шешіп беру үшін 35 мың теңге пара сұраған. Олардың бірі Сайрам ауданы Қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің қызметкері болса, екіншісі Шымкент қалалық Қаратау полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы.

image35778Бірінші қызметкер ақшаны әскерге шақырылған азаматтан сұраған. Ол сол қаражатпен азаматты әскерге жібермеуге және оған дайын әскери билет ұстатуға уәде еткен. Ал, учаске инспекторы болса, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған жаннан тұрғылықты жерінде болмады деп, акт түзбеу үшін пара алыпты. Одан бөлек, ол азаматқа қатысты материалдарды сотқа жолдамаймын деп те келіскен көрінеді. Аталған екі фактіге қатысты іс те Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының өңірдегі департаменті қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары кезінде анықталған.
Қазіргі таңда аталған деректер бойынша ҚР ҚК 366 бабы 1 бөлігіне сәйкес яғни пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жоғарыда аталған күдіктілерге қатысты прокуратураның санкциясымен «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.