Заңсыз пайда табамын деп шенінен айырылды!

Четверг, 08 Декабрь 2016 04:21 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3849 раз

Шымкент ҚІІБ Абай полиция бөлімінде С.Т. криминалист қызметін атқарып жүріп жалпы 21 дана, оның ішінде: 15 дана «МР-79-9тм», 4 дана «МР-80-13 т», 2 дана «Лидер» маркалы травматикалық тапаншаларды, өзінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында азаматтарға 50 000 және 70 000 теңгеден сатып, лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланған.

Сонымен қатар, С.Т. осы аталған жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар атыс қаруын, газды қаруды заңсыз өткізіп, сақтап, тасымалдап және алып жүрген.

Абай аудандық сотының 09.09.2016 жылғы үкімімен сотталушы С.Т. ҚР ҚК-нің 361-бабының 2-бөлігімен және 287-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті жаза ретінде жеке мүлкін тәркілеп, құқық қорғау органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.

Сонымен бірге, ҚР ҚК-нің 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес Т.С. «полиция капитаны» арнайы шенінен айырылды.


 

Абай ауданы прокуратурасының

прокуроры С.Жаксылыков

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.