Қылмыстық сот өндірісінде тұтқындауға баламалы алдын алу шараларын қолдану

Четверг, 08 Декабрь 2016 04:28 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4503 раз

Қазіргі уақытта қылмыстық саясатта ерекше назар қоғамнан оқшаулау жағдайындағы тұлғаларға байланысты мәселелерге аударылуда. Осыған байланысты баламалы жазалау түрлерін қолдану бойынша жұмыстар атқарылуда.Соның ішінде сот органдары тұлғаның бостандығын шектеу,ірі көлемде айып төлету және т.б. түрдегі қылмыстық жазаларды белсенді түрде қолдануда,бұл кінәлі тұлғаны қоғамнан аластатпай,оны қамақта ұстауға мемлекет тарапынан шығын кетірмеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осындай үрдіс қылмыстық-іс жүргізу заңнамасында да жоспарлануда.Бұл күндері күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты қылмыстық істерді кедергісіз тексеру үшін қадағалаушыларды(күзетшілерді) ұстаумен байланысы жоқ алдын алу шаралары тиімді пайдаланылуда.Осындай шаралардың бірі кепіл болып табылады.Бұл алдын алу шарасы қылмыстық қудалауға тап болған, заңға мойын ұсынатын тұлғаға экономикалық стимулятор болады.

Осы шараны қолдану тиімділігіне келесі мағлұматтар дәлел бола алады.

2016 жылы прокурор санкциясымен Абай ауданының прокуратурасының қадағалау аймағындағы құқық қорғау органдарымен 145 тұлғаға қатысты кепіл қолданылған. Сондай-ақ барлық тұлғалар қылмыстық қудалау органдары мен сотқа уақтылы келген. Олар тергеу мен соттан жалтармауда.

Кепіл дегеніміз не және оны қалай қолданады?

Кепіл күдіктінің, айыпталушының сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүзеге асыратын тұлғаға,прокурорға немесе сотқа шақырған кезде келу міндеттерін жүзеге асыруды орындауды қамтамасыз ету үшін сот депозитіне ақша салудан тұрады.

Қылмыстық қудалау органдарына себепсіз келмеу туралы міндеттемені бұзған жағдайда кепіл заты сотпен мемлекет пайдасына өтеді.

Кепілді күдікті,айыпталушы немесе олардың мүдделерін қорғайтын үшінші тұлға қоя алады.Соңғы жағдайда,қойылған кепіл сомасының жойылуын осы үшінші тұлға көтереді.Алайда қылмыстық процестің кез келген сатысында кепіл затын қайтару құқығы соның құзырында.Ол қылмыстық процесті жүргізіп отырған органға күдіктінің немесе айыпталушының келуін қамтамасыз ету мүмкіндігінің болмауы туралыжазбаша өтініш жазу жеткілікті.Бұзушылық болмаған жағдайда кепіл заты оған бірден қайтарылады,ал күдіктіге немесе айыпталушыға қатысты басқа алдын алу шарасы тағайындалады. Кепіл мөлшері заңнама бойынша 50-ден 500 АЕК-ке дейін өзгереді және ол қылмыс санатына,қылмыс сипатына, күдіктінің жеке басына,кепіл берушінің мүліктік жағдайына байланысты.

Кепіл ретінде ақша, жылжымалы және жылжымайтын мүлік,басқа да бағалы заттар пайдаланады.Кепіл заты үшінші тұлғалармен қиындық келмейтіндей бос болуы керек.

Осы ізгілікті алдын алу шарасы аса ауыр қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қолданылмайды,мысалы,кісі өлтіру, ірі көлемде есірткі заттарын сату және т.б.

Кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалған жағдайда қылмыстық сот өндірісі аяқталған соң қылмыстық істі тоқтату туралы үкім,қаулыдан кейін кепіл бірден кепіл берушіге қайтарылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.