«Прокуратура туралы» Заңындағы өтініштерді қараудың жаңа өзгерістері және кепіл бұлтартпау шарасы

Среда, 27 Сентябрь 2017 07:59 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 105 раз

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңы баршаға ортақ, тәртіп бар жерде тұрақтылық бар. Әсіресе, азаматтардың  конституциялық құқығын қорғауда прокурорларға жүктелген міндеттердің маңызы зор.

Прокурорлар өтініштерді "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де заңдарда белгіленген мерзімдерде қарайды.

Бұл жаңа заңның өзгешілігі, яғни ҚР «Прокуратура туралы» 30.06.17ж.  Заңының 21 бабына сәйкес прокуратура органдарында: физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтары бұзылған; шектелмеген адамдар қатарының құқықтары бұзылған; адамдардың өмірі, денсаулығы немесе мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға байланысты өтініштерді қарайды.

 

Осы баптың 1 және2-тармақтарыныңталаптары қарау тәртібі қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамада, әкімшілік құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласындағы заңнамада белгіленген өтініштерге қолданылмайды.

         Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, анонимдік өтініштер прокуратура органдарында қаралуға жатпайды. Прокурор өтініш жасаған адамның мүддесi үшін ақпарат көзiн жария етпеуге құқылы.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау прокуратура саласында басты бағытының бірі болғандықтан аудан прокуратурамен күнделікті тіркелген оқиғаларды, құқық қорғау органдарымен азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу деректеріне байланысты жазған шағымдары мен жарық көрген бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалаларды мониторинг жүргізу арқылы аса көңіл аудара отырып, қатаң бақылауға алынған.

Сонымен бірге, қылмыс жасаған тұлғаларға орын алған қылмыс санаттары бойынша «күзетпен ұстау» және «кепіл» бұлтартпау шаралары қолданылуда.

Қылмысты қудалау органдарына қылмыстық құқық бұзушылық дерегі СДТБТ-не тіркеліп, орын алған мән-жайлар анықталып, күдіктінің іс әрекеті сараланған уақыттан бастап, онша ауыр емес, ауырлығы орташа және ауыр санаттағы қылмыстық істер бойынша қылмыс жасаған тұлғаларға кепіл бұлтартпау шарасын қолдануды түсіндірілуде.

Яғни, қылмыстық құқық бұзушылық СДТБТ тіркеліп, қылмыстың орын алғаны дәлелін тапқан сәттен бастап, күдіктің иелігіндегі меншіктердің бар-жоқтығы тексеріліп, кепіл шарасын қолдану жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, аудан прокуратурасымен қылмысты қудалау органдарының өндірісіндегі және ай сайын болжам бойынша аяқталатын қылмыстық істер тізімі алынып, олар бойынша кепіл бұлтартпау шарасын қолдану талап етілуде.

Бірқатар қылмыс жасаған күдікті тұлғалармен олардың туыстарына прокуратура қызметкерлерімен кепіл бұлтартпау шарасының қолдану себебі мен салдары, кепіл мөлшерін аз мөлшерде қолдану мүмкіндігіне түсіндірулер жүргізілуде.

Бұл жұмыстар өз нәтижесін беруде, себебі кейбір азаматтар  прокуратура органдары қызметкерлерінің түсіндіруінен соң кепіл бұлтартпау шарасын қолдануға келісімдерін беруде.


Еңбекші ауданы  прокуратурасының прокуроры 1-сыныпты заңгер
М.А.Сариев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.