Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-бүгінгі күн талабы

Вторник, 13 Октябрь 2020 02:50 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 188 раз

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұ­рақ­тардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шыға­ратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әке­ле­тіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қа­зақстан Рес­публикасының мемлекеттік сая­са­тының негізгі басымдылықтарының бі­рі болып осы зұлымдықпен күресу болып та­былады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз - бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты деп айтқан екен кезінде Аристотель ғұлама. «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе - бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ», -деген екен ежелгі ойшыл ғалым.

         Сыбайлас жемқорлықпен күресу елі­міздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасі­рет болып табылатын ол саяси даму тұрғы­сынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі бар­лық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.

         Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

 

 

Еңбекші ауданы бойынша

         МКБ- ның есептеу, талдау және ақпараттық

технологиялар бөлімінің бас маманы

   Мамаева Г. Т

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Сыбайлас жемқорлықпен күрес ЖАДЫНАМА »