Шымкенттіктер бизнесті онлайн тіркей алады

Вторник, 05 Июль 2022 09:31 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1014 раз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласындағы филиалының мамандары заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді қалай онлайн алуға болатыны туралы айтып берді. Бұл – Қазақстандағы ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтердің бірі.

Бұл үшін заңды тұлғаға ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Әсіресе, шағын және орта бизнес субъектілерін тіркеуге, коммерциялық заңды тұлғаларды қайта тіркеуге немесе таратуға қатысты қызметтер болса, барлығын eGov порталы арқылы жасауға болады.

Мемлекеттік корпорация мынадай электронды қызметтерді жүзеге асырады:
- Шағын және орта бизнес субъектілерін бастапқы тіркеу;
- Атауы өзгерген және жаңа қатысушы құрамына енгізілген жағдайда коммерциялық заңды тұлғаларды қайта тіркеу,
- Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін тарату;
- Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерінің өзгеруі.

 

tson

 

Cонымен қатар, қазіргі уақытта заңды тұлға басшысының өзгеруі ең кең таралған және сұранысқа ие қызмет болып табылады. Қазіргі уақытта заңды тұлғаның басшысын өзгерту бойынша сервис іске қосылды, ол электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Қызмет атауы - Басшының ауысуы (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау, басшыны қызметінен босату).

Бұл қызмет келесі қосалқы қызметтерді қамтуы керек:
1) Мемлекеттік мекемені қоспағанда, заңды тұлғаның басшысын тағайындау. Өтiнiштi заңды тұлғаның тағайындалған басшысы немесе жалғыз қатысушысы электронды үкімет порталына бередi. Уәкілетті органның жалпы жиналысының төрағасымен және хатшысымен немесе заңды тұлғаның жалғыз қатысушысымен (егер өтінішті ол тағайындаған басшы берсе) келісіледі. Өтінішке қол қояды. Қызмет автоматтандырылған.
2) Банкроттықты, оңалтуды немесе уақытша басқарушыны тағайындау жатады. Басқарушыны тағайындау сот органының шешімі бойынша заңды тұлғаны оңалту рәсімін, мәжбүрлеп таратуды немесе банкроттықты жүргізу қажет болған жағдайда жүргізіледі. Өтінішті тағайындалған басшы оны тағайындау туралы сот шешімінің pdf форматындағы сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, өтініш беруші қол қояды. Қызмет заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша тіркеушінің қатысуымен көрсетіледі.
3) Мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау. Заңды тұлғаның мұрасын сенімгерлік басқарушыны нотариус тағайындайды. Тағайындау, егер заңды тұлға басшысы және жалғыз құрылтайшысы жеке тұлғаның мемлекеттік деректер қорында қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе хабар-ошарсыз кеткен мәртебесі бар жеке тұлға болып табылған жағдайда жүргізіледі. Өтінішті мұраның тағайындалған сенімгерлік басқарушысы немесе сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау туралы куәлікті ресімдеген нотариус мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау туралы куәліктің pdf форматындағы сканерленген көшірмесін қоса бере отырып бере алады. Қызмет заңды тұлға орналасқан жері бойынша тіркеушінің қатысуымен көрсетіледі.
4) филиал (өкілдік) басшысын тағайындау. Өтінішті электронды үкімет порталыарқылы бас ұйымның басшысы қызметті ала алады.
5) заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының м.а., ол болмаған уақытта басшыны алмастыратын адамды тағайындау жатады.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация 600-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Последнее изменение Вторник, 05 Июль 2022 09:34
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.