ТҰРҒЫНДАР ЗАҢГЕРЛЕРДЕН ТЕГІН КЕҢЕС АЛДЫ Избранное

Пятница, 02 Август 2024 06:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 628 раз

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары үшін Арбат саябағында «Халық заңгері» акциясы өтті. Акция аясында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар тегін көмек көрсетті. Бұл шара қалада алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Жыл басынан бері бірнеше мәрте сауда орталықтары мен саябақтарда кездесу өткізілген.

zanger

 

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Тұрғындардың мәселелерін шешу және тегін заң көмегін көрсету. Шарада кез-келген азамат мемлекеттік орган өкілдеріне өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, жауап алды.
Сұрақтардың басым көпшілігі жылжымайтын мүліктерді заңдастыру мен жер учаскелеріне қатысты болды. Сондай-ақ, жалғыз басты аналардың алимет ала алмай жүргендіктері анықталып, кеңес берілді. Алдағы уақытта қаузалған мәселелер аяқсыз қалмайды,-дейді заңгерлер.

Гүлжауһар ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.