Шымкентте инвестор тартудың мүмкіндігі мол
Пятница, 17 Февраль 2017 05:23ҚР Президенті Н. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топтың қала активімен кездесуі өтті. Жиынға қалалық бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.
Жиында баяндама жасаған облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық ақпараттық-насихаттық топ жетекшісі Дархан Сатыбалды бұл стратегиялық құжаттың мемлекеттің өркендеуіне негіз қалайтынын айта келе, оның ішінде аймақтың дамуына жол ашатын басым бағыттарына кеңінен тоқталды.
– Еліміздің тарихи жаңа белесін бастаған маңызды құжатта Президент дамудың жаңа бағыттарын белгілеп берді. Онда, әсіресе, ұлттық экономиканы көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіп саласын дамытуға, өңірге тартылған инвестициялар көлемін 2020 жылға қарай 14,5 пайыздан 25 пайызға дейін ұлғайтуға басымдық беріледі. Бұл үшін өңірдің барлық аудан-қалаларында инвесторлармен жұмыс істейтін арнайы мобильді топтар құрылды. Осы арқылы өңірдің экспорт айналымын еселеуге нақты жоспарлы қадам жасалуда, – деді Дархан Амангелдіұлы.
Елбасымыздың биылғы Жолдауында бизнес-ортаны түбегейлі жақсартуға және кеңейтуге, елімізде инвестициялық климатты нығайтуға, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруге, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар жүргізу қажеттігіне басымдық беріліп отыр. Бұл тұрғыда өңірде дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу арқылы жүйелі жұмыстарды қолға алу қажеттігі нақтыланды.
Келелі кеңесте сөз алған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері ОҚМПИ-ның Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Сапарханұлы, қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды атап өтті.
Жиынды қала әкімі Ғ. Әбдірахымов қорытындылады.
– Жолдауда негізінен кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту сынды әлеуметтік салаларға басымдық берілген. Жұмыссыз жастардың қатарын азайту мақсатында мемлекет өз тарапынан ниетті азаматтарды кәсіпкерлік саласына баулып, ол үшін 16 миллион теңгеге дейін микронесие де ұсынуда. Тұрғындар саны 1 миллионға жуықтайтын Шымкент қаласында инвестиция тартудың мүмкіндігі де жоғары. Ендігі жерде, Елбасының алға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда бірлесе қызмет атқарғанымыз жөн, – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.
Ақпараттық-насихат топтары Елбасы Жолдауын халық арасында кеңінен түсіндіру шараларын жүргізетін болады.
Қылмыстың алдын алуға бағытталады
Пятница, 17 Февраль 2017 04:50Елбасы Н. Назарбаевтың «5 институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарының 32-қадамы бойынша «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталын құру жөнінде тапсырма берілген болатын. Президенттің осы тапсырмасын орындау аясында ҚР Прокуратурасы «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» интернет-порталын іске қосты.
Кеше Шымкент қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жаңа жобаның таныстырылымы өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының басшысы Асқар Сапарғалиев, орта білім беру мекемелерінің директорлары және құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысты.
– Бұл жоба қолданыстағы «Қылмыстылық картасы» ақпараттық сервисінің негізінде жүзеге асырылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы мәліметтер порталға тұрақты түрде енгізіліп тұрады. Қазіргі уақытта «Қылмыстылық картасы» сервисі барлық облыс орталықтарында, Астана, Алматы қалалары мен 19 моноқалада жұмыс істеп тұр. Әлі де жобаны толыққанды жүзеге асыру үшін 8 моноқала мен 250-ден астам аудан орталықтарында осындай жағрафиялық карта құру жоспарланған, – деді Асқар Сапарғалиев.
Таныстырылым барысында ақпараттық сервисі арнайы LED-экран арқылы тәжірибе жүзінде көрсетілді. http://service.pravstat.kz электронды мекен жайына тіркелген кез келген азамат сервис қызметін пайдалана отырып, республиканың қай ауданында, қай көшесінде қашан, қандай оқиға орын алғанын анықтай алады. Тіпті, сервис қызметін ұялы телефонға жүктеп алуына да мүмкіндік бар. Аталмыш жоба қылмыс жағдайының ашықтығын қамтамасыз етіп, тұрғындарды болуы ықтимал қауіп-қатерлерден сақтандыруға мүмкіндік бермек.
Облыстық ақпараттық-насихаттық топ қала активімен кездесті
Среда, 15 Февраль 2017 10:05Сауал жолдаңыз, жауап беріледі
Пятница, 10 Февраль 2017 04:55Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы бүгінгі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты туындаған қиындықтарын бірыңғай байланыс орталығы арқылы құзырлы орындарға жеткізе алады. Бұл бағытта облыс әкімдігі жанынан ашылған орталық азаматтардың арыз-шағымын тіркеуге алып, сол мезетте коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерге жолдап отырады.
Ең бастысы оның уақытылы орындалуы қатаң бақылауға алынады. Байланыс орталығы бір мезетте бірнеше телефон қоңырауын қабылдай алатын заманауи ақпараттық құралдармен жабдықталған. Онда 5 оператор жұмыс істейді.
– Операторлардың клиенттерге сапалы қызмет көрсету барысын супервайзер маман үйлестіріп отырады. Телефон диалогтары жазып алынады, сондай-ақ, қызмет сапасына мониторинг жүргізіледі. Кері байланыстың автоматтандырылған жүйесі барлық сауалдар бойынша берілген жауаптардың сапасын тексеруге мүмкіндік береді, – дейді орталық директоры Еркеғали Балажан.
Мұнда қоңырау шалған тұрғынға тиісті жауап беріліп, сала мамандары тарапынан айтылған шағым жедел арада шешімін табады.
Айта кетейік, орталық ашылғалы бері 1 жарым жылға жуық уақыт мерзімінде 8 мыңнан астам қоңырау қабылданыпты. Сауалдардың басым көпшілігі жылу мен жарықтың сапасына қатысты болып келеді. Тек өткен жылда Шымкент қаласы бойынша 6061 қоңырау түскен. Оның 3386-на тиісті жауап беріліпті. Өзге сауалдар бойынша қазіргі таңда тұрғындардың сұранысы орындалуда. Орталық әкімшісі Әйгерім Бектариева әсіресе, қазіргі қыс маусымында күніне орта есеппен 25 қоңыраудың шалынатынын айтады.
Тұрғындардың талап-арызына дер кезінде жауап беру әрі іске асыру мақсатында орталық ұжымы алдағы уақытта демалыссыз, аптасына 7 күн, тәулік бойы жұмыс істеуді ойға алып отыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты туындаған қандай да бір сауалыңыз болса, орталықтың 39-55-55 нөмірі арқылы хабарласуыңызға болады.
Түркия тәжірибесі қолайлы
Среда, 08 Февраль 2017 08:13Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Түркияға тəжірибе алмасуға барған өңірдің 15 медицина қызметкері Анталия қаласындағы 6 клиниканы аралап, заманауи технологияның озық үлгілерімен танысуға мүмкіндік алды. Бұл жөнінде ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде жергілікті БАҚ өкілдеріне арнайы ұйымдастырылған брифингте облыстық эндокринология диспансерінің дәрігер-эсперті, топ жетекшісі Қалкөз Қасымбекова мәлім етті.
Қалкөз Бақытқызының айтуынша, өңірден барған арнайы топ Анталиядан 80 шақырым қашықтықта орналасқан Испарта қаласындағы 750 орынға арналған аурухана ғимаратын аралаған. Онда тұрғындарға жоғары мамандандырылған көмек көрсететін медициналық құрылымдардың жүйеленген жұмыстарымен танысып, коронароангиографиялық, клиника-диагностикалық, рентген-аритмологиялық зертханалары мен науқастарды қабылдау бөлімдерінде болды. Ондағы бір ерекшелік – тұрақты электрокардиостимуляторлар, кардиовертер-дефибриллятор, СРТ – Д құрылғылары орнатылған кардиология саласындағы коронография, стенттеу оталары АҚШ тәжірибесі негізінде жүргізіледі. Жекеменшік иелігіндегі 120 адамға арналған «OZEL OFM» клиникасында бір айда 30 адамның жүрегіне ота жасалады екен.
Ал Анталия қаласындағы «Training Hospital» клиникасының бір мезгілде 2200 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Мұнда 2016 жылы 2,5 миллион науқас ем қабылдаған болса, соның 1,5 миллионға жуығы шетелдіктер.
– Түркияда бізде енді-енді қолға алынып жатқан сүйек кемігі науқастарына транспантациялау оталары көптеп жасалады екен. Транспантология өте қатты дамыған. Әрбір азаматы – тегін донор. Көлік жүргізуші куәлігін алар кезде олар саналы түрде өздерінің ағзасындағы бір мүшесін донор ретінде беруге келісім береді. Аталған келісім белгісі жүргізуші куәлігінде көрсетіледі. Егер ол жол апатынан қайтыс болса, медицина мамандары шұғыл түрде іске кірісіп, зақымданбаған сау мүшесін қажет ететін науқасқа тегін трансплантациялайды. Донор тапшылығы жоқ, – дейді Қалкөз Бақытқызы.
Ана болуды жоспарлау жүйелі түрде жүзеге асады. Түсік жасауға мемлекеттік деңгейде қатаң тыйым салынған. Әйелдің өміріне қауіп төнетіндей жағдай болмаса, мүлдем рұқсат етілмейді екен.
Медицина саласында әлемдік кеңістікте жоғары жетістіктерге қол жеткізген Түркияның бүгінгі бағдарын саралаған өңір дәрігерлері енді көңілге түйгенін жүзеге асыруға бейілді.
Үшінші мегаполис: жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер
Среда, 08 Февраль 2017 06:52Кеше Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және қаланың алдағы 5 жылға арналған даму жоспары бойынша жергілікті тұрғындар алдында есеп берді. Қала әкімінің есепті кездесуіне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты.
Жиында әсіресе, инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық, білім беру, жұмыспен қамту, абаттандыру мәселелері кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, тұрғындар қоғамдық көлік саласының қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқыға салып, қаланың келбеті мен мәдениетін қалыптастыру бағытында өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Кәсіпкерлік саласында бетбұрыс бар
Ел аумағында жер көлемі жөнінен бірінші, халық саны бойынша екінші орынды иеленетін Шымкент қаласы соңғы бесжылдықта әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өрлеу мен жаңғырудың жаңа кезеңін өткеруде. Бас Жоспарға сәйкес, қала шекарасы 2,9 пайызға ұлғайды. Соңғы санақтың қорытындысы бойынша қазір мұнда 910 мыңның үстінде адам тұрады. Осы орайда, жиналған көпшілік қауымға алдымен, LED-экран арқылы қаланың өткен жылдағы табысты жетістіктері сараланған бейнефильм ұсынылды.
Қаланың 2016 жылғы бюджеті 111 млрд теңгені құрады. Қаржының басым бөлігі, қалада инженерлік жүйелер өзекті болғандықтан, осы саланы дамытуға бағытталды. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов есепті баяндамасында кәсіпкерлік саласындағы оңды өзгерістерді атап өтті. Нақты айтқанда, бүгінде 136 мыңнан астам адам кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылған. Соңғы жылдарғы мемлекеттің қолдау механизмдері кәсіпкерліктің дамуына оң ықпалын тигізуде. Өткен жылда өндірістік кәсіпорындар 326 миллиард 970 миллион теңгенің өнімін өндірген. Бұл көрсеткіштің нақты көлем индексі 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға артқан.
«Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жалпы құны 4,1 миллиард теңгені құрайтын 8 жоба іске қосылып, 300-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылды.
Есепті мерзімде қала бой-ынша 2455 жеке тұрғын үй, 557 коммерциялық нысан, 42 мемлекеттік (әлеуметтік) нысан пайдалануға берілді. Бас жоспарды іске асыру мақсатында қала аумағының 5 жеріне егжей-тегжей жоспарлау жобалары жасақталды.
Қаланың сәулеттік келбетіне ықпал ететін ірі кешенді жобаларды іске асыру үшін қала құрылысы кеңесі жұмыс істеуде. Өткен жылы кеңестің 4 отырысы ұйымдастырылып, 55 жоба талқыланыпты.
Жылдың басты жемісті қызметі ретінде «Shymkent City» инвестициялық жобасының құрылыс жұмыстары басталды. «Тұран» шағынауданының егжей-тегжей жобасына өзгерістер енгізіліп, 2016 жылғы бюджеттен инженерлік-коммуникациялық жүйелердің құрылысына 1,9 миллиард теңге, 270 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысын бастауға 388 миллион теңге қаржы бөлінді. Жоспарланған аймақ көлемі 407,7 гектарды құрайды. Яғни, бұл болашақта 70 мыңға жуық тұрғынға лайықталған заманауи талапқа сай көпқабатты тұрғын үйлер мен көрікті демалыс орындарын, аллеялар мен ойын-сауық сауда орталықтарын салуға мүмкіндік береді.
Жалпы, 2016 жылы қалада тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілді. Барлық қаржыландыру көздері есебінен 246,7 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға артқан.
«Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары шеңберінде 3 777 пәтерлі 64 көп қабатты тұрғын үйдің және 68 пәтерлі 2 жатақхананың құрылысы жүргізілген. Бүгінге дейін 1 370 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етіліпті.
Алты жолақты көлік жолы салынады
Жиында алғаш болып жарыссөзге шыққан облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Молдасейітов қала әкімінің өткен жылдағы атқарған жұмыс нәтижесін оң бағалап, сын-ескертпелерін де жеткізді. Қала аумағын ирригациялық жүйелермен қамтудың қажеттілігін тілге тиек еткен Қайрат Хұсейінұлы, сонымен қатар, көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң бақылауға алуға шақырды. Өткен жылда тұрғындарды толғандырған мәселелер бойынша депутаттық сауал ретінде жолданған 86 өтініш-арыздың қала әкімдігі тарапынан толығымен өз шешімін тапқанын да атап өтті.
Мұнан кейін «Құрмет» орденінің иегері, Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» Әділхан Сұлтанбеков «Фронт офис» ғимаратының пайдалануға берілуін қала әкімдігінің өткен жылдағы жемісті қызметіне балады.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында қолға алынған шаралар бойынша қала тұрғыны Ахметбек Мұстафаның қойған сауалына қала әкімі аптаның әр сенбі және жексенбі күндері жәрмеңкелер ұйымдастырылатынын, тұрақты бақылаудың нәтижесінде, Оңтүстік өңірі ел аумағында ең төменгі бағаны «ұстап тұрғанын» жеткізді.
Ал қала тұрғыны Серік Дүйсековті әлдеқашан қазақша атауын алған «Пахтакор», «Шорсе», «Попова» сынды көше атаулары қоғамдық жолаушы тасымалдау қызметі саласында бір жүйеге келмей отырғаны қынжылтты. Яғни, ол әрбір аялдаманы байырғы атымен атайтын жолаушылар көлігі бақылаушыларының әрекетіне тыйым салуды ұсынды.
Қала тұрғыны Танабек Мәдібековтің жұмыссыздықтың алдын алу бағытында қала аумағында ірі зауыттар салу қажеттілігі бойынша қойған сауалына облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы өзі жауап берді.
– Қазіргі таңда, өндіріске тың серпін беру мақсатында өңірде 11 индустральды және 1 еркін экономикалық аймақ құрылған. Осындағы қызметін сәтті үйлестіре білген кәсіпорындардың өнімі бүгінде шетелдерге де экспортталуда. Мәселен, «Шымкент цемент» кәсіпорнының жоғары сапалы өнімі Астанадағы «ЭКСПО» қалашығының құрылысын толығымен қамтып келеді. Шымкентте тағы бір мұнай өңдеу зауыты салынбақ. Облыс орталығында күні кеше ғана ұйымдастырылған қазақ-түрік инвесторларының форумы да өз кезегінде, өңірдегі кәсіпкерлік саласының өркендеуіне тың бастама болады деген сенім бар, – деді облыс әкімі.
Көне Шымкенттің келбетін танытқан «Ескі қалашықтың» бүгінгі ахуалы да қала тұрғыны М. Миргасимовтың тарапынан сауал ретінде жолданды.
– Қаланың кешегі тіршілігінен сыр шертетін ескі қалашықтың орнын қайта жаңғырту – «Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Тұжырымдамасында» айқын белгіленген. Жоспарлы жұмыстардың аясында, Қонаев көшесін онан әрі жалғастыра отырып, Ташкент тасжолына дейін жалғау қарастырылуда. Яғни, «Түркістан» моншасы мен «Ескі қалашықтың» бірқатар тұрғын үй ғимараттары сүріліп, жол құрылысы жүргізіледі. Бұдан бөлек, Байтұрсынов көшесінің бойы да 18 метрге дейінгі қашықтыққа ұлғайтылып, 6 жолақты көлік жолы салынады. Ондағы жол бойындағы 900 түп ағаш тамырымен қоса алынып, қаланың өзге де аумақтарына қайта отырғызылады, – деді қала әкімі Ғ. Рахматоллаұлы.
Қала бюджеті 33 миллиард теңгеге артқан
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қаланың келешегі кемел боларына сенім білдіріп, шаһарды шырайландыру бағытында алда атқарылуы тиіс жоспарларға тоқталды. Cондай-ақ аймақ басшысы Елбасының биылғы Жолдауынан туындаған жаңа міндеттер мен тапсырмаларды орындауда бірлік биігінен табылып, жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
– ҚР Президентінің белгілеген тапсырмасына сәйкес, алдағы уақытта өңірдегі өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мейлінше ден қойылады. Бұл туралы Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында да кеңінен айтты. Сол себепті, кіші және орта бизнес субекьтілерінің қатарын ұлғайтуға күш салуға тиіспіз. Бұл тұрғыда, кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді азайту бағытында барлық жағдай жасалады. Тек соңғы бір жыл уақыт мерзімінде қала бюджеті 33 миллиард теңгеге артты. Мектеп жасына дейінгі 53 мың бүлдіршіннің 82 пайызы балабақшамен қамтылып отыр. Биыл жеке меншік иелігіндегі мекемелер санын ұлғайтудың нәтижесінде, бұл көрсеткіш 100 пайызға толығымен орындалуы тиіс. Мен қызмет бабымен шетелдерде жиі боламын. Дамыған елдерде тұрғындар өзі тұратын елдің немесе қаланың тағдырына бейжай қарамайды. Атқарушы билікпен күш біріктіре отырып, қаланың дамуы жолында қоян-қолтық жұмыс істейді. Бізде де сол тәжірибені, үрдісті қолға алатын кез келді. Әрбір тұрғын қаланың гүлденуіне үлес қосқаны жөн. Білесіздер, қоршаған ортаны көріктендіру мақсатында өңірімізде алғаш рет «Шатқал» бағдарламасы бастау алды. Бұның тиімділігі, кейінгі жасқа берер ұлағаты орасан зор. Қала таза болса көңіліміз де таза болады. Осыған үлкен-кіші демей бәріміз де атсалысуымыз керек, – деді облыс әкімі Ж. Түймебаев.
Саяси құжатты жүзеге асыру маңызды
Среда, 08 Февраль 2017 06:48ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы Шымкент қаласының мекемелер мен оқу орындарында қызу талқылануда. Соның бірі – «Қазығұрт» шағынауданындағы №66 жалпы орта мектебінде жергілікті тұрғындарға Елбасы атап өткен міндеттердің бағыттары түсіндірілді.
Жиынға қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Қалыбеков, Абай ауданы әкімінің орынбасары Гүлсара Тәшімова, сондай-ақ, білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. Баяндамашылар Жолдауда сөз болған бес басымдықты атай келе, олардың жүзеге асырылуы экономиканың барлық саласындағы өсу ырғағының жоғарлауын қамтамасыз ететіндігін жеткізді.
– Елбасының жыл сайынғы Жолдауын жұртшылық асыға күтеді. Өйткені Жолдауда таяу уақыттағы беталысымыз, елдің даму бағыты айқындалады. Бұл жолы жаңа формада жария етілген Жолдауда экономикалық реформаларды одан әрі тереңдетуге, әлеуметтік сала өркенін осы деңгейінен төмен түсірмеуге айрықша мән берілген, – деді №49 орта мектебінің директоры Сәуле Өтебаева.
Алдағы жылдардың бағдарын белгілеген саяси құжатты жүзеге асыру арқылы елдің әлеуметтік ахуалы нығайып, экономикадағы тұрақтылыққа қол жетпек. Жиында жарыссөзге шыққан азаматтардың ортақ ой-пікірі осыған саяды.
Шымкент – қауіпсіз қала
Пятница, 03 Февраль 2017 04:48Ал жол ережесін сақтамағандарға жаза қатаң
Шымкентте «Қауіпсіз қала» акциясы аясында «Автобус» жедел алдын алу рейдтік шарасы өтті. Қаңтар айының 26-28 аралығын қамтыған үш күндік шара барысында құқық қорғау саласының мамандары қоғамдық және жолаушылар тасымалдау көліктерінің жүргізушілері тарапынан орын алған бірқатар жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін тіркеуге алды.
ТОҚТА! ЖОЛ ТӘРТІБІН САҚТА!
Шымкент ҚІІБ жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, полиция майоры Бақдәулет Әуелбековтің айтуынша, аталмыш рейдтік шара қала аумағындағы жолдарда апаттық жағдайларды төмендету, жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын болдырмау, жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті сақтау мақсатында қолға алынып отыр. Оған полиция қызметімен қатар, көліктік бақылау инспекциясы, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым қызметкерлері де жұмылдырылған.
– Көп болып жұмыла жасалған жұмыстар нәтижесін беріп те келеді. Мәселен, бұған дейін қыркүйек айында өткен үш күндік шара барысында қоғамдық және жолаушылар тасымалдау көліктері жүргізушілері тарапынан орын алған жол қозғалысы ережесін бұзудың 864 дерегін анықталған. Оның ішінде тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жөніндегі міндетті сақтандыруының болмауы бойынша 14, заңсыз қайта жабдықтаудың 18, техникалық байқаудан өтпеудің 105, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 50 дерегі тіркелді, – дейді Бақдәулет Артықбекұлы.
ФОТОРАДАР ҚАЙДА ДЕМЕҢІЗ...
Шымкент – қазіргі таңда Қазақстанның өзге ірі қалаларымен салыстыра алғанда «Қауіпсіз қала» ретінде танылып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2016 жылы Шымкентте 20 892 қылмыстық құқықбұзушылық орын алса, бұл көрсеткіш Астана қаласында 39 727-ні құраған. Ал Алматы қаласында 66 913 қылмыстық іс тіркелген. Шымкенттегі қылмыстық құқық бұзушылықтың 60 пайызы ұрлық дерегіне тиесілі. Облыс орталығында ұялы телефондар ұрлығы осы қылмыс түрінің жартысына жуығын құраған.
Бұл ретте, бейнебақылау құрылғыларының көмегімен қала аумағындағы қылмыс деңгейі төмендеп, түрлі қылмыстық іс-әрекеттердің ашылу деңгейі жоғарылаған. Мәселен, 2015 жылмен салыстырғанда қала аумағында қылмыстық құқықбұзушылық саны 7,4 пайызға, өте ауыр қылмыстар 21,4 пайызға азайған. Сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда аса ауыр қылмыстар 6,1 пайызға, ал ауыр қылмыстар саны 26,9 пайызға төмендеген.
Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметі биыл арнайы пилоттық жоба ретінде жылжымалы «КРИС-П» фоторадар кешенін іске қосты. Сала мамандарының берген мәліметінше, бұл құрылғы бірінші кезекте мобильдігімен ерекшеленеді. Яғни, «КРИС-П» жылжымалы фоторадар кешенін пайдалану апат деңгейі жоғары жол учаскелерін автоматты тәртіпте бақылап, жолдағы жалпы ахуалды жақсартуға септігін тигізеді. Қазіргі кезде қала аумағында 3 бірдей жылжымалы фоторадарлық жиынтығы жұмыс істеуде. Ерекшелігі сол, жылжымалы фоторадардың қай жерге қойылатынын алдын ала ешкім білмейді. Өйткені полицейлер оның орнын жиі-жиі ауыстырып отырады. Тіпті қондырғы жанында тәртіп сақшысы мен арнайы белгі де болмайды.
Жалпы, қала мен елдімекен аумағында негізгі жылдамдық мөлшері 60-тан аспауы тиіс. Алайда көлік жүргізушілер бұл заңдылықты ұдайы сақтай бермейді. «Бұл тұрғыда, жаңадан алынған қондырғы осындай заң бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді», – дейді тәртіп сақшылары. Қазірдің өзінде орталық көшеде қозғалыс реттеліп қалған. Жолдағы құқық бұзушылықты түгелдей түсіріп алатын жылжымалы фоторадар жеңіл әрі тез құрастырылады. Сондықтан алып жүруге оңай. Оған қоса оны 1,5 шақырымда отырып ноутбуктың көмегімен бақылауға болады. Қондырғы қолайсыз ауа райын да талғамайды. Әрі тәулік бойы жұмыс істейді.
КӨЛІКТІ МАС КҮЙІНДЕ БАСҚАРСА, 483 800 ТЕҢГЕ ТӨЛЕЙДІ
Жергілікті полиция қызметінің материалдық-базасын нығайту мақсатында өткен жылы 35 дана отандық «КІА» автокөлігі, 5 эвакуатор пайдалануға беріліпті. Саланың қажеттілігі бойынша енді 40 дана GPS-қондырғы, 30 дана бейнеқондырғы, 10 дана «Бинар» бейнежазба қондырғысы, 20 дана «Элект» радио және 100 жеңіл автокөлікке ұсыныс жіберілген.
Сондай-ақ, қала әкімінің тапсырмасына орай, «Шымкент – қауіпсіз қала» жобасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында Шымкент ҚІІБ-ның Жергілікті полиция қызметі 280 жасты қоғамдық жұмысқа қабылдауға өтінім жолдаған. Яғни, ақпан айынан бастап Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 280 жұмыссыз азамат көмекші ретінде жолданбақ.
Жалпы, жол-көлік қызметінде өткен жылы Шымкентте 121 620 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркеліп, нәтижесінде, мемлекет қазынасына 853 миллион 366 мың теңге өндірілген. Жаңа жылдан бастап айлық есепкіш көрсеткіш (АЕК) мөлшері 148 теңгеге ұлғайып, 1 АЕК мөлшері 2 269 теңгені құрады. Осыған байланысты жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері де артып отыр.
Жолда жүру ережесін бұзып, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін салынатын ең жоғарғы айыппұл мөлшері жарты миллион теңгеге жуық. Ол 200 АЕК-ті құрайды, яғни 453 800 теңге. Сондай-ақ, аяғы ауыр келіншектер мен зейнеткерлер сынды әкімшілік арест қолданылмайтын тұлғалардан өзге азаматтар 3 жылдан 5 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады.
Одан кейінгі ірі айыппұл көлемі – 50 АЕК, яғни 113 450 теңге. Ол көлікті тоқтатқан кездегі ережелерді бұзғаны үшін және мүгедектерге арналған көлік тұрақтарына көлігін қойған азаматтарға салынады. Былтырғы жылы аталған айыппұл мөлшері биылғыдан 7,5 мың теңгеге төмен еді.
Көлемділігі жағынан үшінші орында жылдамдықты 40 км/сағаттан асырған жолаушыларға салынатын айыппұл тұр. Мөлшері – 30 АЕК (68 070 теңге).
Айыппұл мөлшері қандай?
Санаты |
АЕК |
теңге |
Жылдамдықты 10-20 км/сағатқа арттыру |
10 |
22 690 |
Жылдамдықты 20-40 км/сағатқа арттыру |
15 |
34 035 |
Жылдамдықты 40 км/сағаттан арттыру |
30 |
68 070 |
Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамау |
10 |
22 690 |
Көлік кептелісі кезінде жаяу жүргінші жолағына түсу, қиылысқа тұру |
10 |
22 690 |
Жаяу жүргіншіге жол бермеу |
10 |
22 690 |
Қиылыстан өтерде басым құқығы бар көлікке жол бермеу |
15 |
34 035 |
Теміржол шлагбаумы жабық тұрғанда, шлагбаум жабылайын деп қалғанда ескерту белгісіне қарамастан өту |
10 |
22 690 |
Жүрейін деп тұрғанда, тоқтағанда, бұрылғанда белгі бермеу |
5 |
11 345 |
Тыйым салынғанжолдарда бұрылу, артқа жүру |
10 |
22 690 |
Басым құқығы бар көлікке жол бермеу |
15 |
34 035 |
Жүргінші жолағындағы қозғалыс |
||
Жаяу жүргінші жолағындағы, тротуарлардағы, жол жиегіндегі қозғалыс |
15 |
34 035 |
Қарсы бағытқа шығу |
1 жылға жүргізуші |
|
Тротурарда, балалардың ойын алаңында, арнайы көліктердің орнына көлікті қою |
15 |
34 035 |
Көлікті жол қозғалысына кедергі келтіретін жерге қою |
20 |
45 380 |
Мүгедектерге арналған көлік тұрағына көлік қою |
50 |
113 450 |
Ішкі істер органы қызметкерлерінің бұйрығын орындамау |
||
Көлікті тоқтатуға байланысты |
1 жылға жүргізуші |
|
Ішімдік, есірткі қабылдамағаны жөнінде тексерістен өтуге байланысты |
2 жылға жүргізуші |
|
Көлікті мас күйінде басқару немесе оны ішімдік ішкен адамға басқаруға беру |
3 жылға жүргізуші |
|
Мас күйінде апаттық жағдай туғыза жаздау |
4 жылға жүргізуші |
|
Мас күйінде жол-көлік оқиғасына, жол апатына себепкер болу |
5 жылға жүргізуші |
|
Жүргізуші куәлігі жоқ азаматтардың көлікті басқаруы |
20 тәулікке әкімшілік арест |
|
Жоғарыдағы ережелерді аяғы ауыр келіншектер мен зейнеткерлер сынды әкімшілік арест қолданылмайтын азаматтар бұзған кезде |
200 |
453 800 |
Жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәліктің жүргізушімен болмауы |
5 |
11 345 |
Міндетті сақтандыру келісім-шартына қол қоюдан бұлтару |
20 |
45 380 |
Көлік категориясын басқаруға рұқсат беретін жүргізуші куәлігінің болмау |
15 |
34 035 |
Жүргізуші куәлігінен айырылған адамның көлік жүргізуі |
10 |
22 690 |
Мемлекеттік немесе міндетті техникалық бақылаудан өтпеу |
5 |
11 345 |
Көлік құралындағы ластану деңгейі немесе дауысы бекітілген нормадан асып кетуі |
2 |
4 538 |
Мемлекеттік ережеде бекітілген нөмірлерге сәйкес келмейтін нөмірлі көлікті басқару |
5 |
11 345 |
Мемлекеттік нөмірсіз немесе тіркелмеген нөмірсіз көлікті басқару |
10 |
22 690 |
Көлікке жалған нөмір орнату |
20 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру |
45 380 |
Тежеуіші істен шыққан немесе рөлі басқарылмайтын көлікпен жүру |
15 |
34 035 |
Арнайы рұқсатсыз жинақталған көлік |
15 |
34 035 |
Көліктің алдыңғы жағына қызыл түсті жарық орнату, жарықты қайтаратын қызыл түсті құралдар орнату |
15 |
34 035 |
Көлікке арнайы рұқсатсыз жарықтық белгілер мен дыбыстық белгілер қою (қауіпсіздіктің дыбыстық белгісі кірмейді) |
25 |
56 725 |
Көліктің түсін арнайы қызметтік көліктермен бірдей қылып бояу |
25 |
56 725 |
Басқа көліктердің жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуіне әкеліп, жол-көлік оқиғасына себепкер болу |
10 |
22 690 |
Жол ережесін бұзу салдарынан өзге көліктерге, жолға, жол белгілеріне өзге де мүліктерге материалдық зиян тигізу |
10 9 айға жүргізуші куәлігінен айыру |
22 690 |
Адамның денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтіру |
15 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру |
34 035 |
Жүргізуші куәлігінсіз адамның жол-көлік оқиғасына себепкер болуы |
20 |
45 380 |