ЕГЕМЕНДІК – ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ АСЫЛ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Среда, 30 Октябрь 2024 05:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 149 раз

Құрметті қала тұрғындары!

Баршаңызды Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Егемендігімізді асқақтатып, тәуелсіздігімізді паш етуде Республика күнінің тарихи орны бөлек. Бұл күні еркін шешім қабылдауға жол ашқан жаңа декларация қабылданды. Егемендігіміз жария етіліп, тәуелсіздігіміздің іргетасы қаланды. Республика күнін елдік пен бостандықты, мемлекет бірлігі мен патриотизмді дәріптейтін ұлы мереке деп толық сеніммен айта аламыз. Елдік рухымызды қайта жаңғыртып, ұлттық мүддеміз бен тарихи бейнемізді биікке көтеру – біздің ұрпаққа жүктелген асыл борыш.

TU

 

Бұл күн – Қазақстан Республикасының негізі қаланған тарихи сәт ретінде аса қымбат. Ұлттық мерекеміздің маңызын жас ұрпаққа жеткізу, патриоттық сезімді күшейтіп, ел бірлігін сақтау – әрбір Қазақстан азаматының қасиетті парызы. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жаңаша атап өтіле бастаған бұл мерекенің жыл өткен сайын кең көлемде тойланып, бүкілхалықтық сипатқа ие болуы қуантады.
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында экономиканың құрылымын жаңартуға, еліміздің тұрақты дамуына ықпал ететін жаңа тетіктерді қарастыруға баса назар аударылды. Ең басты мақсат – азаматтардың әл-ауқатын арттыру екені ерекше атап өтілді.
Шынында, біздің ортақ мұратымыз – Отанымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі үшін аянбай еңбек ету. Басты міндетіміз – қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту.
Бүгінде Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформалар саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салалармен шектелмей, ұлт сапасы мен танымын жаңа деңгейге көтеруге де үлес қосуда. Президентіміз тәуелсіздік пен отансүйгіштік, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, сондай-ақ, жасампаздық пен жаңашылдық сынды құндылықтарды ұлттың жаңа бейнесін айқындайтын басымдықтар ретінде ұсынды.
Осы құндылықтарды ұлттық болмысымыздың негізіне айналдыру үшін әрбір азамат оны өмірлік ұстаным етіп, өзгелерге үлгі көрсетуі тиіс. Бұның бәрі еліміздің гүлденуіне, тәуелсіздігіміздің берік болуына жол ашады.

Қадірменді қауым!

Егемендік – халқымыздың ең асыл құндылығы және ұлы мұрасы. Тәуелсіздік жылдарында біз бірлік пен ынтымақтың арқасында шекарамызды бекітіп, тұрақты қоғам қалыптастырып, үздіксіз даму жолына түстік. Бұл – барша отандастарымыздың патриоттық рухы мен қажырлы еңбегінің жемісі деп білемін.
Баршаңызды Республика күнімен тағы да құттықтай отырып, әр отбасына амандық, татулық және мол бақыт тілеймін!

Құрметпен, Ғабит СЫЗДЫҚБЕКОВ,
Шымкент қаласының әкімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.