Білім ордасына - 55 жыл Избранное

Среда, 30 Октябрь 2024 05:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 163 раз

Ұлт жоспары бағдарламасында көрсетілген кәсіби білікті мамандарды даярлау тапсырмасы негізінде, мемлекетіміздің басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауында «...біз кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн» деген болатын. Республика бойынша 10 алдыңғы колледждер қатарына енген М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжі осы маңызды құжатты түсіндіру, насихаттау жұмыстарын бастап кетті.

dosaliev

 

Биыл колледждің құрылғанына 55 жыл толады. Осы 55 жыл ішінде колледж Қазақстандағы ең ірі оқу орындарының біріне айналды, өз қызметін қаланың ғана емес, бүкіл оңтүстік аймақтың кәсіпорындарымен тығыз байланыста жүзеге асыруда. Сонымен қатар, колледждермен, университеттермен және зияткерлік бағыттағы мектептермен ынтымақтасуда. Осы жылдар ішінде әр түрлі салаларда өздерінің кәсіби сапаларында қолдануға болатын ондаған мың мамандар дайындалып шықты. Колледждің осы уақыт аралығында, білім саласында осындай биік деңгейлерге көтерілуіне, бірден-бір септігін тигізген кезіндегі басшы Өтебаев Манап Өтебайұлы болатын. М.Өтебаев өмірінің 35 жылынан астам уақыты аралығында сіңірген еңбектері нәтижесінде, колледжді талай жетістіктерге жеткізіп, мемелекет басшылығы, министрлік, облыс басшылығы тарапынан марапаттарға ие болып, колледж тарихына өшпес атын қалдырған.
2004 жылы колледжіміздің директоры болып, қоғам қайраткері, білім мен ғылым саласының майталманы, з.ғ.д. Досалиев Қанатбек Балтабайұлы келген уақыттан бері, колледжіміз оқу шаңырақтарының ішінде үздік нәтижелерге жетіп отыруды әдетке айналдырды.
Жаңа формацияның көшбасшысы ретінде Қ.Б.Досалиев ұстаздар мен студенттер ұжымының жетістіктерін арттырып, колледжді жаңа, әлемдік стандартқа сай, үлкен жоспарларымен нәтижелі деңгейге шығарды.
Қ.Б.Досалиев өзінің білім саласындағы жаңашыл ойын, ұжым мүшелерінің әрбірінің санасына дұрыс сіңіре білгендігінің арқасында колледжіміз, басқа колледждер арасында ең алғашқылардың бірі болып, Сапа менеджменті жүйесін ендірді. Халықаралық байланысты нығайту үшін ТВЕТ Британия колледждері ассоциациясымен, Кембридж аймақтық колледжімен байланысқа шығуы талапкерлер үшін мүмкіндік көкжиегін кеңейтті. Бұл колледждің, оны басқарып отырған сол кездегі басшылығының мықтылығын, шетелдіктердің де мойындап жатқанын білдірді.
Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы (АИР) арасындағы 2009 жылғы 22 қарашадағы Келісімді жүзеге асыру мақсатында, 2013 жылғы 1 шілдедегі № 265 санды ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті арасындағы келісім шарт негізінде және де Қанатбек Балтабайұлының тікелей белсенділігінің арқасында, АИР азаматтары да техникалық кәсіптік мамандықтар бойынша, 2013-2016 оқу жылдарында колледжде сапалы білім алып, өз елдеріне маман иелері болып қайтты.
Қ.Б.Досалиевтың тың ойлары мен білім саласына қосқан үлестері, ұжыммен жұмыла отырып атқарған еңбегі, мемлекет басшылығы, Білім және ғылым министірлігі, жергілікті басқару органдары тарапынан елеусіз қалмай, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі бірнеше жыл бойы «Аймақтың үздік колледжі» дипломдарымен марапатталып отырды.
Мемлекетіміздің Білім және ғылым министрлігі тарапынан, алдымен 2016 жылы – «Жоғарғы жаңа технологиялар колледжі» атағы, ал келесі 2017 жылы, колледж ұжымының өтініші және Қанатбек Балтабайұлының белсенді бастамашылдық қолдауымен, колледжіміз «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» деп аталды. Бұл колледжіміз үшін есте қаларлық уақиғалардың бірі болғандықтан, колледжіміздің алдына, жоғарыда айтылғандай, осы ұжымда талай жыл басшылық қызмет атқарып, колледжді кезінде талай жетістіктерге жеткізген М.Өтебаев ағайымызға, колледжіміздің алдынан ескерткіш – бюст орнатылып, оқытушылар мен студенттер және келген қонақтар демалып тыныс алатын, саябақ ашылып қолданысқа берілді.
Қанатбек Балтабайұлы, колледж ұжымының әрбір мүшесінің әлеуметтік жағдайларына да көңіл бөліп отырды және колледжде оқитын, жетім, әке- шешесінің қарауынсыз қалған студенттерді анықтап, олардың әлеуметтік жағдайын ойлап шешуге тырысып, бірінші кезекте жатақханамен қамтамасыз етіп, шамасы келгенше, ол студенттерге өзінің жеке қаражатынан жылда, жан- жақты көмек беріп отыруға тырысты.
Осы еңбек жолында, адал атқарған игі еңбегі, адамгершілігі мен өзгеге деген қамқорлығы және халықтың қалаулы азаматы ретінде Қ.Б.Досалиев, ОҚО мәслихатының екі шақырылымымен, екі ретте облыс деңгейінде мәслихат депутаты, Республикалық «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының» Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы, және партия атынан Шымкент қаласы мәслихатының депутаты міндетін атқаруда.

Карима Қапбарова,
М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа
технологиялар колледжінің оқытушысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.