ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 29 қыркүйегінде «Республика күні» мерекесіне Ұлттық мереке мәртебесін қайтарды. Бүгінде біз Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы, сондай-ақ, оның әлемдік аренадағы жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз. Еліміздің осы уақыттан бері бағындырған шыңдары да, атқарылған игі істер де жетерлік.
Осынау ұлық мереке күнінде Отанымызға тыныштық, өркендеу тілейміз. Халықтың бірлігі мен татулығы мемлекетіміздің мәңгілік тірегі болсын.
Гүлжан СҮГІРБАЕВА
Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ басқарма төрағасы – ректордың міндетін уақытша атқарушы