ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Пятница, 23 Декабрь 2022 04:46Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті. Сессияға Шымкент қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мақсұт Исахов қатысты.
АУЫЗ СУ: ТАРИФ АРЗАН, ШЫҒЫН КӨП
Среда, 14 Декабрь 2022 05:09Шымкентте су мен кәріз үшін төленетін ақы өзге коммуналды қызмет түрлерімен салыстырғанда біршама арзан. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і ұйымдастырған зерттеу жұмыстары осындай нәтиже көрсеткен. Компания жүргізген зерттеуге Шымкент қаласының 900-ден астам тұрғыны қатысқан. Зерттеудің нәтижесінде шымкенттіктердің ең көп соманы жылуға төлейтіні белгілі болыпты. Екінші орында – газ, үшінші орында – байланыс қызметтері, төртінші орында – электрмен қамтамасыз ету болса, су мен кәріздің ақысы тек бесінші орында екен.
МАҚСАТ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Среда, 07 Декабрь 2022 05:25Жаңа жылда ең төменгі жалақы,
базалық зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшері өзгереді
Жақында «Қазақстан Республикасының 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» заң бекітілді. Онда ең төменгі жалақы мен айлық есептік көрсеткіштің жаңа мөлшері, сондай-ақ, зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемі көрсетілген. Атап айтқанда, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасындағы айлық есептік көрсеткіш көлемі 8,5 пайызға артып, 3 450 теңгені құрайтын болып белгіленді.
ОН АЙДАҒЫ ОҢДЫ ІСТЕР
Пятница, 02 Декабрь 2022 06:07Бүгінде Шымкент қаласының экономикасы айтарлықтай дамып келеді. Әсіресе, өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, сауда және құрылыс салаларында тұрақты өсіп жатыр.
Шымкент қалалық мәслихатының кезекті жиырма екінші сессиясында 2022 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы депутаттарға есеп берген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.
Тынысы кеңейген Шымкент
Пятница, 25 Ноябрь 2022 04:01Қаладағы экологиялық мәселелер оң шешімін табуда
Биылғы қараша айында жер шары тұрғындарының саны 8 миллиард адамға жеткені жөніндегі хабар шартарапқа жайылды. Адамзаттың жылдам көбеюі экологиялық проблемалардың өзектілігін арттыра түсері анық.
Халықтың тұтынушылық қажеттіліктерінің артуынан, соған сәйкес техника мен өнеркәсіптің дамуынан туындап жатқан мұндай қиындықтар Қазақстанды да айналып өтпесі анық. Сол себепті өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ел Үкіметі «Жасыл Қазақстан» атты ұлттық жобаны әзірлеп, бекіткен болатын.
САЙЛАУ БИЛІК ПЕН БҰҚАРАНЫҢ БІРЛІГІН КӨРСЕТТІ
Среда, 23 Ноябрь 2022 04:24ҚР Орталық сайлау комиссиясы отырысында 20 қараша күні өткен кезектен тыс Президент сайлауының түпкілікті қорытындысы жарияланды. ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің
дерегінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе сайлаушылардың 81,31 пайызы дауыс берген. «Бәріне қарсымын» бағанын 460 484 немесе 5,8 пайыз сайлаушы таңдаған.
12 БАЗАР ТАЛАПҚА САЙ ЖАҢҒЫРДЫ
Среда, 23 Ноябрь 2022 04:23Шымкент қаласындағы 12 базарда қайта құру және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталған. Тағы 7 базарда осындай жұмыстар жалғасып жатыр.
Елді ер теңестіреді
Пятница, 18 Ноябрь 2022 05:08Осы аптаның жексенбісінде, яғни, 20 қараша күні елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні белгілі. Бұл, ешқандай әсірелеусіз-ақ айтқанда, шын мәніндегі маңызы зор тарихи оқиға. Себебі, біз осы жолы Мемлекет басшысын жеті жылдық мерзімге сайлап жатқанымызбен, Қазақстанның осы ғасырда қандай ел болатыны халықтың осы жолғы таңдауына байланысты болмақ.