Қорғаныс шебіндегі 40 жыл
Среда, 01 Ноябрь 2023 03:43Шымкент қаласындағы 10216 әскери бөлімінің құрылғанына биыл — 40 жыл. «Түркістан сарайы» мәдениет үйінде мерейтойға орай салтанатты жиын өтті.
134 228 ОҚУШЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Пятница, 27 Октябрь 2023 03:58Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева 2023 жылы 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы инфрақұрылым және материалдық-техникалық базаны дамыту, әлеуметтік қолдау, білім сапасы бойынша жүзеге асырылған жұмыс барысын баяндады.
БАЙРАҒЫМЫЗ КӨКТЕ ЖЕЛБІРЕГЕН КҮН
Пятница, 27 Октябрь 2023 03:54Республика күніне арналған салтанатты шара қаладағы «Тәуелсіздік» саябағында Мемлекеттік ту көтеру рәсімінен бастау алады. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары мен жастар жиылды.
ЮНЕСКО ӨКІЛДЕРІ ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ
Пятница, 27 Октябрь 2023 03:49Шымкент қаласында Жібек жолының мәдени мұрасын қорғаудың стратегиялық бағыттарын анықтау мақсатында үйлестіру бюросының (SRLHN) III отырысы өтті. Іс-шараны ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты аймағының халықаралық мәдени мұралар орталығы мен қалалық туризм, сырты байланыстар және шығармашылық индустрия басқармасы бірлесе ұйымдастырды.
«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ТЫҢ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАҢДАНДЫРДЫ
Пятница, 20 Октябрь 2023 04:39Қала жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобалар байқауы және еріктілерге арналған грант жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Үздік жобалар байқауы белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдауға бағытталған.
ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
Пятница, 20 Октябрь 2023 04:35Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы есепті кезеңде жылу маусымына дайындық, инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы, көшелерді жарықтандыру бойынша жүзеге асқан жұмыстарды баяндады.
ҚАЛА ӘКІМІ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ
Среда, 18 Октябрь 2023 03:47XIX Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардың бапкерлерін марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, мәслихат депутаттары, спорт мектебі басшылары қатысты.
«ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ – КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ
Пятница, 13 Октябрь 2023 04:25Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысының орынбасары өнеркәсіп, инвестиция, шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау шаралары, сауда бағыттарындағы жұмыстарды баяндады.