Ең үлкен емтихан – елге есеп беру

Среда, 20 Январь 2016 07:48 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3079 раз

DSC 0776Шымкентте аудан әкімдерінің халық алдында есеп беруі басталды. Бұл – жыл сайын осы мезгілде өтетін маңызды жиын. Ел алдында есеп беру дегеніміз атқарылған істі баяндаудан ғана тұрмайды. Атқарылар шаруаларды көпшілік алдында кеңесу, орынды ой-пікірлер мен құлаққа қонымды ұсыныстар болса қаперге алып, жүзеге асыру. Мұндай кездесулер халық пен билік арасын жақындатып, ортақ мәселені бірлесе шешуге мол мүмкіндік берері анық.
Шымкент қаласына қарасты төрт аудан әкімдері кездесулерінің баяндама тезистері, есеп беру жиындары өтетін орындары алдын ала газет беттерінде жарияланған
болатын. Аудан әкімдері жыл бойы атқарылған жұмыстары жөнінде баяндап, ел алдында өткен жылғы жұмысты елеп-екшеп есеп берді. Бүгінде жергілікті биліктің күнделікті жұмысы халықтың көз алдында өтіп жатыр. Қаланың тазалығы, коммуналдық шаруашылығы, жол-көлік инфрақұрылымы саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. Әлі де көптің көкейінде жүрген мәселелер де баршылық.

Басқа аудан әкімдерінің есебі: 
*Абай ауданы
*Әл-Фараби ауданы
*Еңбекші ауданы
*Қаратау ауданы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.