Астанаға 350 тонна өнiм жөнелтiлдi Избранное

Пятница, 01 Июль 2016 05:27 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4738 раз

6 шілде – Астана қаласы күніне орай 350 тонна өнім тиелген керуен Арқа төсіне жол тартты. Онда 50-ден астам оңтүстікқазақстандық өнім өндірушінің тауары елорда тұрғындарына базар бағасынан 10-15 пайызға арзан ұсынылады.

dsc 0065-735x400

Биылғы жәрмеңкеде 15-тен астам өнім түрі, оның ішінде 69 тонна ет, 141 тонна көкөніс, 33 тонна жеміс-жидек, 17 тонна картоп пен 7 тонна сүт өнімі, 5 тонна шұбат 25 мың дана жұмыртқа, 50 тонна бақша өнімі нарыққа шығарылады.
– Барлық өнімді зертханалардан сараптаудан өткізіп, арнайы сертификат берілді. Ал, алып баратын жылқы етіне және балық өнімдеріне ветеринариялық формалары толтырылып, талаптарға сәйкестігі анықталды, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Н. Көпеев.
Айта кетейік, биыл облыста егіс көлемі 780 мың гектарға жеткен. Ал суармалы жер көлемін қосымша 8,7 мың гектарға ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.