Шымкент бала туу және отбасын құру көрсеткіші жағынан алдыңғы қатарда. Мәселен, 2020 жылы 6776 жұп некесін қиса, 2021 жылы Шымкентке 7880 шаңырақ қосылған. Бұл туралы халықаралық отбасы күніне орай өткізілген салтанатты іс-шара барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді.

508

Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері Парламент депутаттарының бастамасымен дайындалған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының нормаларын түсіндіру бойынша республикалық кеңес отырысына онлайн қатысты.

504

Шымкентте ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Қарулы күштер – қауіпсіздік қазығы» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға еліміздің Қарулы Күштерінің іргетасын қалаған қорғаныс саласының ардагерлері, Ауған соғысы, Чернобыль апатына қатысқан ардагерлер, әскери қызметкерлер қатысты.

219

Жеңіс күні қарсаңында Әл-Фараби ауданы әкімдігі мен «Astana Vision Shymkent» көз клиникасы бірлесіп, тыл ардагерлерін тексеруден өткізді. Акцияға Әл-Фараби ауданының 15 ардагері қатысты.

209

Ерлігі – ел есінде

Пятница, 06 Май 2022 04:35

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Отан үшін от кешіп, жас ғұмырын майдан даласында өткізген қазақ баласы қаншама?! Сұрапыл соғыстың соңғы күніне дейін ұрыс даласында алдыңғы шептен табылып, елге оралған соң да халық үшін қызмет еткен төлебилік Омарбек Иманбаевтың ерлігін ұмыту әсте мүмкін емес.

205

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады. Астана алаңында өткен мерекелік салтанатты жиын «Қазақстан — бейбітшілік мекені» театрландырылған хореографиялық қойылымымен басталып, «Достық» шеруі мен хореографиялық композицияға ұласты.

165

Айт мерекесінің алғашқы күнінде шымкенттік жалғызілікті ана баспаналы болды. Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының ұжымы мен мердігер мекеме өкілдерінің қолдауымен Марфуға Ертаеваға баспана кілті табысталды.

166

Биыл еліміздің айбыны мен мақтанышы ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына — 30 жыл. Әр мемлекеттің шекарасы шегенделіп, тәуелсіздігі танылған соң, ол елдің тыныштығын сақтап, сыртқы жаудан қорғайтын айбынды Қарулы күштерінің қалыптасуы заңды құбылыс. Біз ҚР Қарулы Күштері құрылған күннен бастап елінің патриоты ретінде тер төккен «ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Онбаев Серікбай Мейірбайұлымен тілдескен едік.

159

Страница 12 из 21