Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Среда, 12 Октябрь 2022 10:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 551 раз

Денсаулық сақтау саласына қатысты сұрағыңыз болса, Сізді күтеміз!

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні «АДАЛ КӨМЕК» жобасы аясында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері азаматтарды қабылдап, кеңес беретін болады.  

Егер Сізде аталған салаға қатысты сұрақтарыңыз болса, кеңес алғыңыз келсе, №3 қалалық емхананың ғимаратында (Нұрсат мөлтекауданы, С.Бәйтереков көшесі, 190) өтетін қабылдауға шақырамыз.

Қабылдау уақыты: сағат 11.00-ден 12.30 аралығы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.