ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ҮШІНШІ ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

Пятница, 13 Сентябрь 2024 05:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 304 раз

Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде тұрақты өсім бар. Қаланың қысқа мерзімді экономикалық өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6 пайызды құрап, республика бойынша үшінші орынға көтерілген (2023 жылдың тиісті кезеңінде – 6-шы орында болатын).

 

Қаладағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына байланысты,жергілікті бюджеттің түсімдері де артқан. Биыл бюджет шығыстарының көлемі 764 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 107 млрд теңгеге көбейді. Ал, бюджет түсімдерінің көлемі 61 млрд теңгеге ұлғайып, 404 млрд теңгеге жетті. Бүгінгі таңда оның 272 млрд теңгесі түсіп, жоспар 19,8 пайызға артығымен орындалды.
Бюджет көлемінің артуына байланысты халықтың табысын көбейту бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Биыл жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жалақысы төмен 15 мыңға жуық қызметкерге қосымша 50 мың теңге ай сайынғы үстемеақы тағайындалып,Шымкент қаласындағы ең төменгі жалақы 140 мың теңгеге дейін көтерілді. Оған жергілікті бюджеттен 8,1 млрд теңге бағытталды.
Сонымен қатар, биылдан бастап кәсіпкерлікті дамытуға, кеңейтуге, қаржы айналымын ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беру мақсатында бөлшек салық мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.